Афанасьев Алексей Викторович​​

Афанасьев Алексей Викторович​​

Өмірбаян

1969 жылғы 25 шілдеде Беларусь Республикасы Могилев облысында туған.

Белорус ауыл шаруашылығы академиясын «Экономика және ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша және Беларусь Республикасы Президенті жанындағы Басқару академиясын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын ауыл шаруашылығы өндірісі кәсіпорындарында экономист болып бастады.

2000-2003 жылдары Могилев облыстық атқару комитетінің қаржы басқармасында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2003-2012 жылдары – Минск қалалық атқару комитетінің қаржы басқармасы бюджет бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары.

2012-2014 жылдары Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің Минск қаласы бойынша Бас басқармасын басқарды.

2014-2020 жылдары Минск қалалық атқару комитетінің бас қаржы басқармасының бастығы болып істеді.

2020 жылғы қазанда ​Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы департаментінің директоры болып тағайындалды.​

Беларусь Республикасы мемлекеттік органдарының құрмет грамоталарымен наградталған.