ЕЭК Алқасының Төрағасы

тақырыбы бойынша жаңалықтар «ЕЭК Алқасының Төрағасы»

06 Jul 2024 Бақытжан Сағынтаев Иран Ислам Республикасының Президенті лауазымына Масуд Пезешкианның сайлануымен құттықтады Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Масуд Пезешкианға президенттік сайлаудағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. «Сіздің өмірлік бай тәжірибеңіз бен көреген саясатыңыз Иран Ислам Республикасының одан әрі дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосатынына сенімдімін. Еуразиялық экономикалық одақ елдері достық пен өзара сыйластыққа негізделген Иран елімен жасалған мызғымас әріптестікті жоғары бағалайды. Ынтымақтастығымыздың жаңа мүмкіндіктерін нығайту және одан әрі ашу үшін өзара тығыз қарым-қатынасымызға сенеміз», — деді Бақытжан Сағынтаев. ЕЭК Алқасының Төрағасы Масуд Пезешкианға оның бастамаларына сәттілік, ал Иран халқына өркендеу тіледі.
04 Jul 2024 Бақытжан Сағынтаев: «ЕАЭО мен ЭЫҰ арасында тұрақты диалог орнату бірлескен міндеттерді тиімді шешуге ықпал ететін болады» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 4 шілдеде Астанада Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) бас хатшысы Хусрав Нозиримен келіссөз жүргізді. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын халықаралық өзара іс-қимылдың бірқатар мәселесін қарастырып, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады. Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО мен ЭЫҰ қызметтері бағытының ұқсастығын атап өтті. Осыған байланысты ЕЭК Алқасының Төрағасы көлік-логистика инфрақұрылымын құру мен дамытуды, сауда-экономикалық қатынастарды ырықтандыруды, цифрландыру және энергия ресурстары саласындағы ынтымақтастықты қоса, Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестерді ұштастыру бойынша тараптардың қолда бар әлеуетін пайдалануды ұсынды. «Кез келген интеграциялық процестерді ұштастыру халықаралық бірлестіктерге мүше мемлекеттер экономикасының әлеуетін қосымша ашуға ықпал етеді. ЕАЭО мен ЭЫҰ бірлескен міндеттерді шешу үшін тұрақты диалог орнатуға тиіс», — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Өзара қызығушылық тудыратын салаларды нақтылау үшін тараптар ЕЭК пен ЭЫҰ Хатшылығы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум жобасын дайындау мүмкіндігін қарауға уағдаласты. ЕЭК Алқасының Төрағасы тәжірибе алмасудың әртүрлі нысанын белгілеу екі интеграциялық бірлестік елдерінің экономикалық дамуына бағытталған күш-жігерді үйлестіруге ықпал ететініне сенім білдірді. Бұдан басқа, Бақытжан Сағынтаев Хусрава Нозириді осы жылдың күзінде Ереванда өтетін Еуразиялық экономикалық форумға қатысуға шақырды. Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) — 1985 жылы құрылған өңірлік мемлекетаралық экономикалық ұйым. Оған он ел: Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. ЭЫҰ жұмысын үйлестіруді ЭЫҰ Хатшылығы жүзеге асырады.
04 Jul 2024 Бақытжан Сағынтаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 4 шілдеде Астанада «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты. Көпжақты диалогты нығайту және орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу тақырыбы жоғары деңгейдегі кездесуде басты тақырыпқа айналды. Мемлекеттердің, үкіметтердің және халықаралық ұйымдардың басшылары мәселелердің кең спектрін қарастырды. Мәселен, саммит барысында Беларусь Республикасының ШЫҰ-ға толық құқылы мүше мемлекет ретінде қабылдау туралы өтінімі мақұлданды. Бұдан басқа, саммитке қатысушылар өңірдегі сауда-экономикалық өзара іс-қимылды талқылады. Бұл әсіресе ШЫҰ-ға қатысушы елдер экономикасының жоғары даму қарқынын ескере келгенде маңызды. Әлемдік ЖІӨ-нің 30%-дан астамы (38,5 трлн доллар), әлемдік сауданың 16%-дан астамы (5,5 трлн доллар), планета халқының 41%-дан астамы (3 млрд астам адам) солардың үлесіне тиеді. Бақытжан Сағынтаевтың пікірінше, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақ бір-бірін өзара толықтыра алатын әлеуетке ие. Бұл іскер топтардың кедергісіз экономикалық ортаны қалыптастыруды, өзара саудада ұлттық валюталарда есеп айырысу үлесінің ұлғаюын, ортақ даму институттарын құруды қамтитын диалогқа деген қызығушылығының артуымен расталады. «ЕАЭО және ШЫҰ елдері — Еуразияның қазіргі заманғы экономикалық архитектурасының маңызды элементтері. Бұл мемлекеттер Еуразия құрлығының өзегін құрайды, ал олардың өзара қарым-қатынасы көбінесе өңірдің одан әрі даму векторын анықтайды», — деп санайды ЕЭК Алқасының басшысы.   ЕЭК пен ШЫҰ Хатшылығы тиісті меморандум шеңберінде өзара іс-қимыл жасайды. Қазіргі таңда ынтымақтастықтың ізеуірттелген жоспарын келісу аяқталып келеді. Құжат жобасы бірлескен іс-шараларды, ақпарат пен тәжірибе алмасуды, өзара қызығушылық тудыратын талдамалық материалдарды дайындауды көздейді. Саммитке Әзербайжан, Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Катар, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, БАӘ, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ БҰҰ, ЭЫҰ, АӨСШК, ТМД, ҰҚШҰ, АҚИҰ сияқты халықаралық және өңірлік құрылымдардың басшылары қатысты.  Қазіргі уақытта Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан ШЫҰ мүшесі болып табылады. 2023 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін ШЫҰ-ға Қазақстан төрағалық етеді.
03 Jul 2024 Бақытжан Сағынтаев ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Минмен келіссөз жүргізді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев пен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы Чжан Мин 3 шілдеде Астанада өткен келіссөз барысында бұдан арғы өзара іс-қимылдың мәселелері бойынша тыңғылықты пікір алмасты. Атап айтқанда, тараптар ЕЭК пен ШЫҰ Хатшылығы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен ШЫҰ ынтымақтастығының перспективаларын талқылады. Әңгімелесу барысында Бақытжан Сағынтаев бүгінгі таңда Меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындаудың аяқталып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты ЕЭК Алқасының Төрағасы осы жылдың күзінде Арменияда өтетін Еуразиялық экономикалық форум аясында құжатқа қол қоюды ұйымдастыруды ұсынды. ЕЭК Алқасының Төрағасы «ЕАЭО - ШЫҰ» форматында бұдан арғы өзара іс-қимылдың мүмкіндіктері туралы айта келе, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің халықаралық көлік дәліздерін, мультимодальдық және контейнерлік тасымалдарды дамытуға, өңірдегі жүк тасымалдарын цифрландыруға деген мүдделілігін атап көрсетті. Бақытжан Сағынтаев осыған байланысты бірлескен тәсілдемелерді әзірлеуді жеделдету үшін жақын арада ШЫҰ-ға қатысушы елдердің Көлік министрлерінің және ЕАЭО мемлекеттерінің көлік саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесінің бірлескен кеңесін өткізуді ұсынды. Тараптар ШЫҰ штаб-пәтерінде «ЕАЭО күндерін» өткізу туралы ЕЭК бастамасын да қарады. «Бұл іс-шара бизнес-қоғамдастық өкілдерінің назарын аударатыны сөзсіз. Тәжірибе және үздік практика алмасу елдеріміздің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенімдімін», — деп атап көрсетті Бақытжан Сағынтаев. Өз кезегінде Чжан Мин ШЫҰ мен ЕАЭО-ның өзара іс-қимыл факторы қазіргі әлемдік архитектурада барған сайын маңызды бола түсуде деп атап өтті. Экономикалық мәселелер бойынша практикалық тәжірибе алмасуға көңіл бөле келгендегі интеграция диалогы Үлкен Еуразияны дамыту үшін қолайлы және болжамды жағдайларды қамтамасыз етуге арналған.
Тағы да көрсету

тақырыбы бойынша шешімдер «ЕЭК Алқасының Төрағасы»

84
16.07.2024 Решение Коллегии ЕЭК № 84 О классификации кольпоскопов в соответствии с единой Товарной номенклатурой внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза
83
16.07.2024 Решение Коллегии ЕЭК № 83 Об утверждении интервальных количественных значений внешних параметров прогнозов для подготовки официальных прогнозов социально-экономического развития государств – членов Евразийского экономического союза на 2024 год и на период 2025 – 2027 годов
82
16.07.2024 Решение Коллегии ЕЭК № 82 О внесении изменений в единую Товарную номенклатуру внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза и Единый таможенный тариф Евразийского экономического союза, а также в перечень чувствительных товаров, в отношении которых решение об изменении ставки ввозной таможенной пошлины принимается Советом Евразийской экономической комиссии, в отношении отдельных видов крышек
81
16.07.2024 Решение Коллегии ЕЭК № 81 О перечнях стандартов, необходимых для реализации требований технических регламентов Таможенного союза «О безопасности железнодорожного подвижного состава»(ТР ТС 001/2011), «О безопасности высокоскоростного железнодорожного транспорта» (ТР ТС 002/2011) и «О безопасности инфраструктуры железнодорожного транспорта» (ТР ТС 003/2011)
15
16.07.2024 Рекомендация Коллегии ЕЭК № 15 О внесении изменения в том VI Пояснений к единой Товарной номенклатуре внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза

нормативтік құжаттар

Бағыт бойынша материалдар

14 2016 ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның ЕАДБ конференциясында сөйлеген, «Ведомости» газетінде «Толық интеграцияланбауды еңсеру» атты жарияланған сөзінің тезистері Мен, Еуразиялық кеңістікте әлі іске қосылмаған экономикалық өсудің орасан зор әлеуеті бар деп санаймын. Мен бүгінде құрылған ұлтүсті институты біздің елдеріміздегі экономикалық өсуді мықты ынталандыра алатын негізгі құрал деп ойлаймын. Себебі, біздің негізгі миссиямыз бойынша біз елдерде жинақталған үздік практикаларды қорытуға және халықаралық тәжірибені, Еуропалық одақ тәжірибесін ескере отырып, елдерімізде экономикалық өсуді ынталандыруы тиіс жаңа ұлтүсті институттарын енгізуге тиіспіз. Біздің Одақ шартының негізіндегі аксиоматика мынаны білдіреді: егер біз бірыңғай экономикалық кеңістік құрсақ, тосқауылдар мен шектеулерді, алып қоюларды жойсақ, тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалысына жағдай жасасақ, онда осының өзі экономикалық өсу үшін өте елеулі әлеует қамтиды
18 2016 ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс» 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.​
0/0