Жаңалықтар

03.03.2022 (Обновлено: 22.03.2022 17:40)

Армения мен Ресейдің аграрлық жоғары оқу орындары шарап жасаушылық бойынша бірлескен білім беру жобасын іске қосты

2 наурызда Арменияның Ұлттық аграрлық университетінің және Ресей мемлекеттік аграрлық университеті - К.А. Тимирязев атындағы МАША студенттері үшін сапаны бағалаудың сенсорлық әдістері және алкогольді ішімдіктер өндірісінің нормативтік құқықтық негіздері бойынша алғашқы бірлескен лекция болып өтті.

«Екі аграрлық ЖОО-ның өзара іс-қимылының мұндай форматы өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешен үшін кадрлар даярлау саласында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі меморандумды іске асырудың практикалық нәтижесі болды. Бұл құжатқа Одақ елдерінің білім беру және ауыл шаруашылығы саласындағы атқарушы билік органдары 2021 жылғы қарашада қол қойды және мемлекетаралық ЖООаралық ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа серпім берді»,- деп атап көрсетті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян. 
Атап айтқанда, Армения ҰАУ мен Тимирязев академиясы ғылыми-білім беру саласында бар тәжірибені және бұл елдердегі жүзім шаруашылығының жоғары мәдениетін ескере отырып, пилоттық ретінде шарап жасаушылық бойынша білім беру курсын іске қосуға уағдаласты.
Ағымдағы оқу семестрінде екі ЖОО-да онлайн режімінде өзара қызығушылық тудыратын пәндер бойынша лекциялық және практикалық сабақтар басталды. Мысалы, Тимирязевтік студенттер енді Армения ҰАУ оқытушыларынан шарап маркетингі мен шарап туризмін ұйымдастырудың жаңа дағдыларын үйренеді. Осымен бір мезгілде РМАУ-МАША ұйымдастыратын сабақтар барысында армян ЖОО-сында оқитындар сапаны бағалаудың сенсорлық әдістері мен алкогольді ішімдіктер өндірісінің нормативтік құқықтық негіздері туралы білетін болады.

Бұл бірлескен жобаға өздерінің аграрлық ЖОО-сындағы бейінді кафедраларда 50-ге жуық білім алушы қатысады. Семестр қорытындысы бойынша студенттер тиісті сертификат алады, ал курстың нәтижелері оқу процесінде өзара есепке алынатын болады.

Бұдан басқа, Армения ҰАУ мен Тимирязев академиясы студенттердің алған білімін бекітудің кепілдігі үшін өндірістік кәсіпорындар базасында шарап жасаушылық бойынша практика ұйымдастыру туралы мәселе пысықталуда.

«Осындай түрдегі ынтымақтастық екі ел үшін де өзара пайдалы, өйткені тараптар таңдаулы атқарымдар мен практикалық тәжірибені біріктіру есебінен синергетикалық нәтиже алады, ЖООаралық әріптестікті нығайтуға, студенттердің бойында кәсіби құзыреттердің қалыптасу деңгейін арттыруға, сондай-ақ мәдениетаралық коммуникацияларды дамытуға ие болады»,- деп түйіндеді Артак Камалян.