Жаңалықтар

28.11.2023

ЕЭК пен ЕАЭО Іскерлік кеңесі Одақта өнеркәсіптік кооперацияны дамыту бойынша бірлесіп жұмыс істеу туралы келісті

Санкт-Петербургте өткен Еуразиялық экономикалық комиссия мен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимыл жөніндегі консультативтік кеңесі отырысының күн тәртібінде экономиканың нақты секторын қолдау жөніндегі жаңа шаралар, жаңа өнеркәсіптік жобаларды жасау үшін Еуразиялық экономикалық одақ елдері кәсіпкерлерінің тиімді өзара қарым-қатынасы негізгі мәселе ретінде қаралды.


ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Артак Камалян Одақта өнеркәсіптік кооперациялық жобаларды қаржыландырудың қабылданған жаңа механизмі туралы толық таныстырылымын ұсынды. ЕЭК министрі іс-шараға қатысушыларды жобаларды іріктеу критерийлерімен, оларды қарау ережелерімен егжей-тегжейлі таныстырды, жобаларды іске асыру үшін өнеркәсіптің неғұрлым басым салаларының тізбесін атап берді.

«Біз қабылдаған шешімдерді қолдану ЕАЭО-да интеграциялық өзара іс-қимылдың сапасын арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деп атап өтті Артак Камалян.
ЕЭК министрі ЕАЭО-ның Іскерлік кеңесіне іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын айтты, сондай-ақ кездесу барысында сұрақтарға жауап бере отырып, өнеркәсіпті қолдау бойынша енгізілген жаңа шаралар арқылы іске асырылуы мүмкін перспективті кооперациялық жобалар пулын құру жөніндегі жұмыста бизнестің жетекші рөл атқарып отырғанын атап өтті. Ол сондай-ақ Одақ мемлекеттері іскер топтарының үйлестіру-кеңесші органының бизнес-бастамаларға сараптамалық бағалау жүргізуде құнды ресурсының бар екендігін және бұл фактор Комиссияның ЕАЭО-ның Іскерлік кеңесімен одан әрі өзара іс-қимылының негізгі бағыттарының бірі болатынын атап өтті.

Артак Камалян ЕЭК-тің ЕАЭО бизнесімен неғұрлым белсенді ынтымақтастыққа мүдделі екенін айтты және іскер топтардың ЕАЭО бюджетінен қаржылық қолдау алу мүмкіндігі туралы хабардар болуын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға дайын екенін атап өтті. Мәселен, 11 желтоқсанда сағат 11.00-де Ресей Федерациясының Сауда-Өнеркәсіп палатасының алаңында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту бойынша жаңа механизмнің ашық таныстырылымы өтеді.

«Біз кооперациялық жобаларды құруға мүдделі және қаржылай көмекке мұқтаж ЕАЭО елдерінің барлық кәсіпкерлерін диалогқа шақырамыз», – деп сөзін түйіндеді ЕЭК министрі.


Іс-шара туралы хабарландыру – сілтеме бойынша.