Жаңалықтар

30.06.2022 (Обновлено: 12.07.2022 13:34)

ЕЭК ЕАЭО Кеден кодексіне уәкілетті экономикалық оператор бойынша түзетулерді пысықтауда

Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің срапшыларымен бірлесіп, уәкілетті экономикалық оператор (УЭО) институтын дамыту перспективаларын талқылайды. ЕАЭО Кеден кодексінің 61-тарауына өзгерістер пысықталуда.
«Біздің ортақ мақсатымыз — оңайлатуларды кеңейту, УЭО тізіліміне тұлғаларды кірістіру жағдайларын оңтайландыру, осы міндеттерді практикалық іске асыру арқылы Одақтағы УЭО бағдарламасына серпім беру. УЭО институты — бұл бүкіл әлемде танылған және СЭҚ қатысушыларын санаттау және оларға кедендік операцияларды жасауға және кедендік бақылауды жүргізуге байланысты оңайлатуларды ұсыну есебінен кедендік бақылаудың тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әмбебап құрал», — деп атап өтті ЕЭК Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Сергей Владимиров Комиссияның Одақ мемлекеттеріндегі уәкілетті экономикалық оператор институтын дамыту жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы жұмыс тобының отырысында.


Жұмыс тобы УЭО тізіліміне кіргізу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру жағдайларына байланысты және Еуразиялық «бестік» елдерінде бизнес жүргізудің тең жағдайларын жасауға бағытталған өзгерістер жөніндегі ұсыныстарды қарады. Сондай-ақ, УЭО мәртебесі бар кеден өкіліне арнайы оңайлатуларды ұсыну жөніндегі бастама талқыланды. Бұдан басқа, УЭО-ны өзара тану үшін сенімді құқықтық негіз құру бойынша түзету пысықталды.

  Комиссия УЭО одақтың бағдарламасының жаңа сапалық деңгейіне шығу үшін мемлекеттік органдар мен бизнестің бастамаларын ұйымдастыруға және одан әрі нысаналы талқылауға дайындықты білдірді.

Уәкілетті экономикалық оператор институты – әріптестік бағдарламасының халықаралық танылған стандарты, ал УЭО – белгілі бір талаптарға сай келетін тұлғалар ретінде кедендік операциялар мен кедендік бақылау жүргізу кезінде оңайлату ұсынылатын тұлғалардың айрықша санаты.

Одақ мемлекеттерінде УЭО институтын дамыту жөніндегі жұмыс тобы ЕЭК Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитетінің шешімімен 2014 жылы құрылды.