Жаңалықтар

01.10.2024

Эльдар Алишеров: «ЕАЭО Іскерлік кеңесі мен ЕЭК диалогы - кәсіпкерлік қоғамдастық мүддесінде табысты интеграциялық құрылыстың кепілі»

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика министрі Эльдар Алишеров Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесі төралқасының отырысында мәлімдеді. Іс-шара 30 қыркүйекте Ереванда Еуразиялық экономикалық форум алаңдарында өтті.

Эльдар Алишеров ЕАЭО шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясы бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

«Еуразиялық экономикалық жол» декларациясы – бұл ең алдымен шаруашылық жүргізуші субъектілерге ЕАЭО серіктестерімен сенімді бизнес жүргізу, іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсарту және қолайлы бәсекелестік ортаны қалыптастыру үшін қажетті құжат», - деп мәлімдеді ЕЭК министрі.

Эльдар Алишеров Еуразиялық интеграциялық құрылыс процестеріндегі ЕАЭО Іскерлік кеңесінің ерекше рөлін атап өтіп, одан арғы нәтижелі өзара іс-қимылға деген үмітін білдірді.

Отырыс барысында ЕЭК пен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің халықаралық әріптестермен өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды. Эльдар Алишеров Комиссия өңірдің негізгі экономикаларымен, ТМД, ШЫҰ, АСЕАН және т.б. қоса алғанда, халықаралық өңірлік ұйымдармен және бірлестіктермен, сондай-ақ бейінді халықаралық құрылымдармен ынтымақтасатынын еске салды.

«ЕАЭО-ның ауқымды халықаралық күн тәртібі Комиссияға ЕАЭО Іскерлік кеңесімен өзара іс-қимыл жасай отырып, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің және үшінші елдердің іскерлік құрылымдары мен бизнес өкілдері арасындағы диалогты жандандыру үшін алаңдар беруге, сондай-ақ еуразиялық интеграция мәселелеріне арналған сессиялар өткізу үшін Одақ елдерінің іскер топтары ұйымдастырған көшпелі бизнес-миссиялар алаңдарын пайдалануға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ЕЭК министрі.

Соңында ол ЕАЭО мемлекеттерінің бизнес және іскер топтарының өкілдерін үшінші елдерге бизнес-миссияларды өткізу жөніндегі жұмысқа белсенді түрде қосылуға шақырды.

«Біз барынша транспаренттіміз, диалогқа ашықпыз және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бөлігіндегі іс-әрекеттеріміз бен жоспарларымыз туралы әрдайым хабардар етеміз», - деп түйіндеді Эльдар Алишеров.