Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 15 шілдеде Одақтың «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техрегламентіне тиісті өзгерістер енгізді.
Осы уақытқа дейін техрегламент талаптарына сәйкес ЕАЭО елдерінде осындай өнімдердің қаптамасының көлемі бейімделген немесе ішінара бейімделген бастапқы немесе кейінгі сұйық қоспалар үшін 0,2 литрден және ішетін сүт, ішетін кілегей және ашытылған сүт өнімдері үшін 0,25 литрден аспауға тиіс болды.
ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко атап көрсеткендей, шешім Ресей Федерациясының бастамасы бойынша көлемі 0,2 және 0,25 литр қаптама тапшылығын жою үшін қабылданды.
Мұндай өнім ЕАЭО нарығындағы өнім айналысының бірыңғай белгісімен таңбаланбауға тиіс. Бұл ретте қаптамада: «Тек Ресей Федерациясының аумағында сату үшін» деген жазу болуы керек.
ЕЭК Кеңесінің шешіміне сәйкес Ресей Федерациясының Үкіметі 0,5 литр көлеміндегі қаптамадағы өнімнің тек Ресей аумағындағы айналысын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдауға және сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауға жататын тауарлар айналымы мониторингінің мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оны қадағалап отыруды қамтамасыз етуге тиіс.