Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының өкімімен 14 ақпанда ЕАЭО елдерінің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін есептеу әдістемесін және оларды қайта қарау кезеңділігін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобын ЕЭК экономика және қаржылық саясат министрі Бахыт Султанов басқаратын болды. Топ құрамына Одақ елдерінің уәкілетті органдарының өкілдері кірді.
2023 жылдың соңында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында Еуразиялық «бестік» елдерінің президенттері 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Еуразиялық үкіметаралық кеңес бекітуі үшін Комиссияға ЕАЭО мемлекеттерінің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін және осындай баждарды қайта қарау кезеңділігін есептеудің жаңартылған әдістемесін әзірлеуді және ұсынуды тапсырған болатын.