Նորություններ

01.09.2021

ЕЭК пен Перу өзара сауда айналымын өсіре түсу мүмкіндіктерін талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында Сауда саясаты департаментінің директоры Игорь Назаруктің Перу Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хуан Хенаро дель Кампо Родригеспен кездесуі болып өтті.

Келіссөздер барысында, атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақта тарифтік преференциялардың бірыңғай жүйесін қолдану тақырыптамасы, сондай-ақ ЕАЭО-ның және оған мүше мемлекеттердің Латын Америкасы республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

«ЕАЭО-да тарифтік преференциялардың бірыңғай жүйесін құруға қойылатын критерийлер өзгеретіні 2016 жылы-ақ айқындалған еді. Нәтижесінде биылғы көктемде Дүниежүзілік банк белгілеген табыс деңгейінен асатын мемлекеттер қазан айынан бастап қолдау тізбесінен алынып тасталады деген шешім қабылданды»,- деп әріптестерін хабардар етті Игорь Назарук.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты күн тәртібінің барлық пайда болған мәселесін тездетіп шешу мақсатында одан әрі белсенді өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаласты.