Նորություններ

23.12.2021 (Обновлено: 12.04.2022 15:36)

ЕЭК және ЕАЭО елдерінің бұқаралық ақпарат құралдары ЕЭК-тің 10 жылдығы қарсаңындағы бірлескен жұмыстың аспектілерін талқылады

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің директоры Данияр Турусбеков пен Комиссияның ресми өкілі, ЕЭК Алқасы Төрағасының көмекшісі Ия Малкинаның ЕАЭО елдерінің жетекші БАҚ өкілдерімен кездесуі барысында ЕЭК-тің 10 жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметін ақпараттық сүйемелдеудің 2022 жылға арналған жоспары талқыланды. Кездесу 22 желтоқсанда ЕЭК штаб-пәтерінде болып өтті. Кездесуді ашқан Данияр Турусбеков жиналған журналистерге пандемияның қиын жағдайларында Комиссияның қызметін жазып көрсетудегі белсенді жұмыстары үшін алғыс айтты және болашақта көзбе-көз форматта бұдан да жемісті ынтымақтастыққа үмітті екенін білдірді.

«2021 жылы Еуразиялық интеграция мәселелерін жазып көрсету бойынша жүргізілген жұмыстар үшін сіздерге ризашылығымды білдіргім келеді. Біз сөздермен бірге көптеген бірлескен іс-шараларды өткіздік. «Медиалогия» ақпараттық-талдау жүйесінің деректері бойынша, 2021 жылы ЕАЭО 250 мыңнан астам рет аталып өткен, бұл орайдағы жарияланыммен 540 млн жуық адам қамтылған, ал ЕЭК 380 млн адамдық аудиторияны қамтитын 52 мың хабарда аталып өткен. ЕЭК-тің 10 жылдығы қарсаңында сіздермен бұдан да тығыз ынтымақтастыққа үміт артамыз. Жыл жаңалыққа өте толы болады», — деп атап өтті Данияр Турусбеков.

Департамент директорының сөзінше, Комиссия БАҚ өкілдері үшін қашан да ашық және алдаға уақытта да тығыз әрі өзара пайдалы ақпараттық ынтымақтастықтың таңдалған бағытын ұстанады.

Комиссияның ресми өкілі Ия Малкина да жиналғандардың назарын журналистер мен Комиссияның бірлескен жұмысының жемістілігіне аударды және ақпараттық жұмысты одан әрі кеңейту жөнінде пікір алмасуды, өз тілектерін білдіруді, ЕЭК қызметін жазып көрсетудің жаңа ықтимал бағыттарын талқылауды ұсынды.

«2021 жыл ішінде біз ресми іс-шараларды барынша жазып көрсетуге тырыстық, брифингтер өткіздік, сондай-ақ әлеуметтік желілерде болуды жандандырдық. ЕАЭО елдерінің өзекті экономикалық күн тәртібі — ерекшелікті экономика тақырыбын барынша кеңінен ілгерілету үшін біз журналистермен жұмысты қалай тиімді ұйымдастыру керектігі жайындағы пікірлеріңізді естігіміз келеді», — деп қайырылды журналистерге Ия Малкина.

Біржарым сағаттық тілдесім барысында іс-шараға қатысушылар таяудағы кезеңде Еуразиялық экономикалық комиссия мен БАҚ алдында тұрған басымдықты міндеттерді талқылады, сондай-ақ өзара ынтымақтастық бағыттарының — пандемия жағдайында жұмысты ұйымдастырудың қиындығынан бастап сол немесе өзге іс-шараларды жазып көрсету кезіндегі қазіргі заманғы технологиялық шешімдерді пайдалануға дейінгі – кең спектрі бойынша пікір алмасты.

Журналистердің көптеген ұсынысы ЕЭК өкілдері тарапынан қолдау тапты. Мәселен, атап айтқанда, алдағы 2022 жылы ЕАЭО органдарында Қырғызстанның төрағалық етуі қарсаңында Қырғыз Республикасы Қоғамдық бірінші арнасының (КТРК) тілшісі Мирбек Молдакунов осы оқиғаға орай ұлттық телевидениеде тұрақты айдар ашуды ұсынды.

«Одақ. Беларусь – Ресей» газетінің бас редакторы Ольга Герасименко «бестіктегі» интеграциялық поцестерді жүйелі жазып көрсету бөлігінде басылымның Комиссиямен өзара іс-қимылы жөнінде жол картасын жасау бастамасын көтерді.

ЕЭК өкілдері Комиссияның журналистерге — тиісті материалдардан бастап спикерлер мен сарапшыларды ұсынуға дейін — жан-жақты қолдау көрсетуге дайындығын атап көрсете келіп, осы және басқа ұсыныстарды жедел пысықтауға уәде берді.

Кездесу соңында Комиссияның іс-шараларында жұмыс істеу үшін БАҚ өкілдеріне ЕЭК-тің аккредиттеу карталарын тапсырудың салтанатты рәсімі болып өтті.


Анықтама:

ЕЭК жанында аккредиттеуге ЕАЭО елдерінің неғұрлым рейтингті бұқаралық ақпарат құралдарынан – «ТАСС» АА, РБК телеарнасы, «Мир» телеарнасы, Қырғыз Республикасы қоғамдық телерадиокорпорациясы (КТРК), Арменияның қоғамдық телекомпаниясы, БелТА АА, «Қазақпарат» АА және басқалардан өтінім түсті. Тізімде 18 БАҚ-тан 94 журналист бар.