Եվրասիական տնտեսական հանձնաժողով
/
Նորություններ
/
ЕЭК Алқасы ванадий-алюминий лигатурасының жекелеген түрлеріне арналған нөлдік баждың қолданылуын 2022 жылдың соңына дейін ұзартты
ЕЭК Алқасы ванадий-алюминий лигатурасының жекелеген түрлеріне арналған нөлдік баждың қолданылуын 2022 жылдың соңына дейін ұзартты
24.11.2021
Ванадий-алюминий лигатурасы қоспалаушы құрамдас ретінде титан қорытпалары өндірісі кезінде қолданылады. Оның негізгі тұтынушылары бұл шикізатты аэроғарыш саласы үшін бұйымдар өндірісінде пайдаланатын металлургия кәсіпорындары болып табылады.
«Титан қорытпаларының бағасында ванадий-алюминий лигатурасы құнының үлесі 30%-ға жуық. Тарифтік жеңілдік дайын өнімнің өзіндік құнын азайтуға және ЕАЭО-да өндірілетін титанның бәсекеге қабілеттілігін ұстап тұруға елеулі ықпал етеді», — деп атап өтті ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.
Шара Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тиісті өндірісті ұйымдастырғанға дейін уақытша негізде қолданылады.
Шешім 2022 жылғы 2 қаңтарда күшіне енеді.
Анықтама: