Նորություններ

12.11.2021 (Обновлено: 03.03.2022 11:45)

ЕЭК Кеңесі сәйкестікті міндетті бағалауға жатқызылған өнімді әкелудің жаңа тәртібін бекітті

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ЕАЭО-ның кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға жатқызылған өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелудің жаңа тәртібін бекітті. Әкелу кезінде кеден органдарына сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды ұсыну қажет болатын өнім айқындалды. Техникалық реттеу шараларын растау үшін кедендік декларантқа қажетті құжаттар санамалап көрсетілген. Орналастыру кезінде кеден органдары сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды талап ететін кедендік рәсімдердің тізбесі алтыдан төртке дейін қысқарды.


Сериялы өндіріс өнімін әкелу кезінде декларант — әзірлеуші — өтініш беруші тізбегіндегі қадағалап отыруды қамтамасыз ету үшін тәртіпте кедендік декларациялау кезінде осындай өнімнің сәйкестігін бағалау туралы құжатты пайдалануы мүмкін тұлғалар тізбесі шектелген.Бұл кеден органдарына қауіпсіз емес өнімді ЕАЭО аумағына әкелуді бақылауға мүмкіндік береді.

Тәртіпте көзделген кедендік рәсімдер үшін тауарлардың белгілі бір санатын немесе арнайы мақсатта әкелу кезінде қолданылатын бірқатар айрықшалық белгіленген. Мұндай жағдайда сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды кеден органдарына беру талап етілмейді.

Құжатта қатталған Одақтың сыртқы контурын бақылау құралдары Одақтың ішкі нарығына үшінші елдерден қауіпті өнімнің түсуін барынша тиімді болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл ретте нарықтың адал қатысушылары кедендік бақылаудың шамадан тыс артық шараларына тап болмайды.

Тәртіптің жаңа редакциясын әзірлеу қолданыстағы Әкелу тәртібі туралы ереженің құқық қолдану практикасын ескере отырып, оны Одақ туралы шартқа және ЕАЭО-ның Кеден кодексіне сәйкес келтіру үшін жүргізілді.