Նորություններ

22.12.2021 (Обновлено: 04.04.2022 16:48)

Қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы және парфюмериялық-косметикалық өнім туралы техникалық регламенттердің жекелеген талаптарына өтпелі ережелер белгіленді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Одақтың «Табиғи минералды суды қоса, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы» техрегламентінің жекелеген талаптарының күшіне енуінің тәртібін бекітті.
Өтпелі ережелер белгіленді, соларға сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап соған қатысты бұрын қабылданған талаптар* күшіне енетін өнімді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың күші 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады. Бұл өндірушілердің жаңа талаптарға біркелкі көшуін қамтамасыз етеді.

Бұл ретте 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік тіркеу туралы құжаттарды қайта ресімдеу үшін тек қана бұл өнімнің техникалық регламентте көзделген толық көлемдегі зерттеулер нәтижесін ұсынбай-ақ жаңа талаптарға сәйкестігін зерттеудің (сынаудың) хаттамалары пайдаланылады

Сондай-ақ 2022 жылғы 31 желтоқсан – нақты мерзім белгіленеді, соған дейін қапталған ауыз суды сынау әдістері тізбелерге енгізілгенге дейін шығарылып келгендей – мұндай талаптарды ескерместен өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі.

Мұндай өнімнің айналысына оның өндірушісі белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі.

Сәйкестік туралы декаларацияларды қайта ресімдеу талап етілмейді, өйткені «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» «деңгейлес» техрегламентке сәйкес міндетті талаптарды өзгерткен кезде дәлелдемелік материалдар (сынау хаттамалары және басқалар) осындай талаптарға сәйкестікті растау бөлігінде өзгертілуге тиіс, бұл ретте сәйкестік туралы жаңа декларация қабылдау талап етілмейді (техрегламенттің 23-бабының 11-бөлігі).

Бұдан басқа, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы «Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техрегламентке өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібін нақтылады.

Енді осы өзгерістер күшіне енгенге дейін, яғни 2020 жылғы 5 мамырға дейін берілген парфюмериялық-косметикалық өнімді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттарды ауыстыру кезінде, Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ресімдеу қағидаларының 251-тармағында көзделген жағдайларда, мысалы, жаңсақ жазылым немесе мекенжайдың өзгергені анықталған кезде, мұндай құжаттардың қоса алғанда 2023 жылғы 5 мамырға дейін жарамды болатыны көзделген.


Анықтама:

* 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап «Табиғи минералды суды қоса, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы» техрегламенттің жекелеген талаптары күшіне енеді, атап айтқанда, осындай көрсеткіштерге арналған сынаудың тиісті әдістерінің техрегламентке стандарттардың тізбесіне кірістірілуіне байланысты техрегламентке № 2 қосымша (2-кестенің «22 ºС кезіндегі ОМЧ» көрсеткіші) және № 3 қосымша (І бөлімнің 1 позициясы) («22 ºС кезіндегі ОМЧ» көрсеткіші) және 2-кестенің ІІ бөлімі) («Криптоспоридий ооцисталары», «Лямблия цисталары» және «Ішқұрттар жұмыртқасы»).