Экспорт 39%, импорт 24% артты.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте өзара сауда көлемі 52 млрд дерлік АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 32,5% артық және 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ковидке дейінгі деңгейден 16,5% жоғары.
Ішкі саудадағы экспорт көлемінің өсуі Одақтың барлық мемлекетінде тіркелді. Мейлінше көп өсім Қазақстанда (39%-дан астам) және Ресейде (35,6%) байқалды.
Неғұрлым толық статистикалық ақпарат Статистика департаменті бетінің «Тауарлардың сыртқы және ішкі саудасының статистикасы» бөліміндегі жедеғабыл-шолуда берілген.