2011 жылғы  18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы Шартта (3-бап) Комиссия өз қызметін макроэкономика, бәсекелестік, валюталық саясат және басқалары сияқты түрлі бағытта жүзеге асырып отыратындығы белгіленген. Солардың ішіне агроөнеркәсіп саласына жатқызылған салалар да кіреді: ауылшаруашылық субсидиялары, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар, кеден-тарифтік және тарифтік емес реттеу, мемлекеттік сатып алулар, сақтандыру саласы мен басқа да салалар.
 
2011 жылғы  18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық интеграция туралы Декларацияда санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылаудың бірыңғай жүйесі құрылатындығы расталған. Бұл құжатта, КО мен БЭК әлеуетін толық жүзеге асыру, келісім-құқықтық базаны, институттарды және де тәжірибелік өзара әрекеттесу, соның ішінде тауарлардың, қызметтердің, капитал мен еңбек ресурстарының жалпы нарығының тиімді жұмыс істеуін қамсыздандыру сияқты бағыттар бойынша да  жетілдіру және одан әрі дамыту; келісілген аграрлық саясатты қалыптастыру, өндірістік кооперациялануды тереңдету; сонымен қатар экономикалық қауіпсіздікті барлық аспекттерінде қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастықты тереңдете түсу одан әрі интеграцияланудың негізгі мазмұны болатыны айқындалған. 
Қазіргі уақытта КО мен БК елдерінің агроөнеркәсіп өндірісі саласындағы  өзара ықпалдасуы 2010 жылғы  9 желтоқсандағы Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай ережелері туралы Келісіммен реттеліп отырады. Бұл Келісім Тараптардың өзара сауда-саттығына бұрмалаушы әсерін тигізетін, яғни агроөнеркәсіп саясатының ең маңызды деген, алайда ең шамалы саласына ықпалын тигізетін ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын қолдануды шектеу мақсатымен қабылданды.
 
Агроөнеркәсіп өндірісі мен аграрлық нарық салаларына Келісілген макроэкономикалық саясат туралы Келісім, Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы Келісім, Техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы Келісім және басқа да бірқатарлары сияқты КО мен БЭК нормативтік құқықтық базаны құрайтын басқа халықаралық шарттардың аясында қабылданған үйлестіру және реттеудің жеке механизмдері қолданылады.
Агроөнеркәсіп кешеніндегі проблемаларды шешу үшін агроөнеркәсіп саясатының ұлттық басымдықтарына негізделетін және  инвестициялық қызметті белсендіру, агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын динамикалық дамыту, оның тиімділігі мен бәсекелесу қабілетін арттыру, соның негізінде КО мен БЭК мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігіне жету үшін  ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныстар мен ұсыныстардың теңгерімділігін нарықтық әдістер негізінде реттеуге бағдарланған механизмдерді қамтитын
 жүйелі құжатты әзірлеп шығару көзделуде. Бұл КО мен БЭК мүше мемлекеттердің келісілген агроөнеркәсіп саясатын жүргізу бойынша халықаралық шарттың негізін қаламақ. Халықаралық құжатты әзірлеу кезеңдікті білдіреді және де Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіп саясатының Тұжырымдамасында белгіленген келісілген басымдықтар мен бағыттарға негізделетін болады.
 
Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіп саясатының Тұжырымдамасы мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің Шешімімен (2013 жылғы 29 мамырдағы №35 Шешімі) мақұлданды.
 
 
​ ​     Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіп саясатының Тұжырымдамасы
 ​
​​​​