Еңбекшілерді әлеуметтік қамсыздандыру

 

1. Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін қажетті еңбекшілердің білімі туралы құжаттар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде таныла ма?

Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында мүше мемлекеттердің білім беру ұйымдары берген еңбекшілердің білімі туралы құжаттары жұмысқа орналасу мемлекеті заңнамасымен белгіленген, білімі туралы құжатты тану рәсімдерін жүргізбестен танылады.

Бір мүше мемлекеттің екінші мүше мемлекетте педогогикалық, заң, медицина немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуға үміткер еңбекшілері жұмысқа орналасу мемлекеті заңнамасымен белгіленген, білімі туралы құжатты тану рәсімдерінен өтеді.

Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары берген ғылыми дәрежесі және ғылыми атақтары туралы құжаттар жұмысқа орналасу мемлекетінің заңнамасына сәйкес танылады.

2. Еңбекшілердің табыстарына салық қалайша салынады?

Еңбекшілердің еңбек шарты бойынша жұмысынан түскен табыстарына алғашқы жұмыс күнінен бастап еңбек қызметі жүзеге асырылатын аумақтағы ел азаматтарының табыстарына сияқты бірдей салық мөлшерлемесі бойынша салық салынады.

3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет еңбекшілерінің отбасы мүшелері жұмыс берген мемлекет аумағында тұру құқығын алады ма?

Мүше мемлекет еңбекшілерінің отбасы мүшелері жұмыс берген мемлекет аумағында тұруға құқылы.

Еңбекшінің отбасы мүшелері деп онымен некеде тұрған, сондай-ақ оның асырауындағы балалары және жұмысқа орналасу мемлекетінің заңнамасына сәйкес отбасы мүшесі деп танылатын басқа да адамдар танылады.

Еңбекшінің отбасы мүшелерінің уақытша тұруы мерзімі еңбекші жасаған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттың қолданыста болуы мерзімімен айқындалады.

4. Жұмысқа орналасу мемлекетінде еңбекші мен оның отбасы мүшелерінің әлеуметтік сақтандыру және медициналық қамтамасыз ету бөлігінде қандай құқықтары бар?

Еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша жұмысқа қабілетсіздігі жағдайында және бала тууына байланысты міндетті сақтандыру, өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан міндетті сақтандыру және міндетті медициналық сақтандыру құқығы жұмысқа орналасу мемлекетінің азаматтарына арналған шарттармен және сол тәртіпте жүзеге асырылады.

Мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен олардың отбасы мүшелеріне орналасу мемлекетінің азаматтарына арналған тәртіпте және шарттарда тегін жедел медициналық көмек (шұғыл және жедел түрде) алу құқығы беріледі.

Еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету орналасу мемлекетінің заңнамасымен және халықаралық шарттармен айқындалатын тәртіпте және шарттарда қамтамасыз етіледі.

Жедел медициналық көмекті (шұғыл және жедел түрде) мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен олардың отбасы мүшелеріне орналасу мемлекетінің мемлекеттік және муниципалдық денсаулық сақтау жүйелерінің медициналық ұйымдары (денсаулық сақтау мекемелері) медициналық сақтандыру полисінің бар-жоғына қарамастан тегін көрсетеді.

5. Засчитывается ли трудовой (страховой) стаж трудящегося, приобретенный на территориях государств-членов Евразийского экономического союза, в общий трудовой (страховой) стаж?

Да. Трудовой страховой) стаж трудящихся государств-членов засчитывается в общий трудовой (страховой) стаж для целей социального обеспечения (социального страхования), кроме пенсионного, в соответствии с законодательством государства трудоустройства.

Пенсионное обеспечение трудящихся государств-членов и членов семьи регулируется законодательством государства постоянного проживания, а также в соответствии с отдельным международным договором между государствами-членами.

В настоящее время Евразийская экономическая комиссия совместно со Сторонами разрабатывает международный договор о пенсионном обеспечении трудящихся Евразийского экономического союза.

Основная цель разработки договора – обеспечение равных прав и гарантий в сфере пенсионного обеспечения, защита пенсионных прав трудящихся государств-членов и членов их семей на всей территории Евразийского экономического союза.