Өмірбаян

Алмаз Замирбекович Сазбаков 1981 жылғы 25 қазанда Фрунзе қаласында (Қырғыз Республикасы) туған.

2002 жылы Қырғызстандағы Америка Университетін бітірді. 2007 жылы Хитотсубаши Университетінің (Токио, Жапония) экономика факультетінде JICA бағдарламасы бойынша оқудан өтті. 2010 жылы Токиода (Жапония) Жоғары саяси зерттеулер ұлттық институтындағы оқуын аяқтады.2013 жылғы желтоқсанда Джордж Мейсон атындағы Университетте (АҚШ) мемлекеттік саясат саласындағы оқу бағдарламасын бітірді.

Еңбек қызметін 2004 жылы Қырғыз Республикасы Ұлттық статистика комитетінің өнеркәсіп бөлімінде бастады. 2006 жылдан бастап Қырғыз Республикасы Қаржы министрлігінің Жергілікті бюджеттерді бағалау басқармасында жұмыс істеді. 2008 жылдан бастап - Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің Инвестициялар саясаты басқармасы инвестицияларды ілгерілету бөлімінің бастығы. 2011 жылы Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігі статегиялық талдау бөлімінде жұмыс істеді. 2012 жылы – Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің Инвестициялар саясаты және МЖӘ басқармасының бастығы.

2013 жылдан бастап - Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау басқармасының бастығы.

2014 жылдан бастап - Қырғыз Республикасы Экономика министрлігі жанындағы Инвестицияларды ілгерілету агенттігінің директоры.

2016-2018 жылдары Қырғыз Республикасы Экономика министрінің орынбасары қызметінде болды.

Соңғы үш жылда - Қырғыз Республикасы Үкіметінің ЕАЭО-дағы істері жөніндегі арнаулы өкіл.

2021 жылғы 1 маусымнан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаментінің директоры болып тағайындалды.