Закревский Вадим Александрович

Закревский Вадим Александрович

Өмірбаян

Вадим Александрович Закревский 1980 жылғы 4 қазанда Минск қаласында (Беларусь Республикасы) туған.

2002 жылы «Заманауи шет тілдері (ағылшын тілі)» мамандығы бойынша техниканың, технологияның және экономиканың жаңа бағыттары бойынша кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтын, 2003 жылы – «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша Белоруссия ұлттық техникалық университетін; 2014 жылы – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы басқару академиясын бітірді.

Техника ғылымдарының кандидаты.

2003 – 2005 жылдары – жабдықтарды жөндеу және сынау цехының инженер-технологы, «Минскэнерго» РУП «Минск ТЭЦ-3» филиалының жабдықтарды жинақтау бөлімінің инженері.

2005 – 2012 жылдары – «Минскэнерго» РУП жылу-механикалық жабдықтарды пайдалану қызметінің бастығы.

2012 жылғы қаңтар – 2012 жылғы қараша аралығында «Белэнерго» ГПО электр станциялары мен жылу желілерін пайдалану басқармасының бастығы қызметін атқарды.

2012 жылғы қараша – 2021 жылғы наурыз аралығында – Беларусь Республикасы энергетика министрінің орынбасары.

2021 жылғы 18 наурызда ЕЭК энергетика департаментінің директоры болып тағайындалды.

Наградалары:

Беларусь Республикасы Президентінің алғыс хаты (2015 жыл).

Беларусь Республикасы Премьер-министрінің алғыс хаты (2016 жыл).