Жаңалықтар

16.12.2022 (Обновлено: 28.12.2022 13:12)

18 желтоқсанда «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістер күшіне енеді

Өзгерістер:

- нан-тоқаш және макарон өнімдерін, шай өнімдерін, наубайхана ұнын сәйкестендірудің бірыңғай тәсілдемелері үшін мемлекетаралық және ұлттық стандарттармен тізбелерді толықтыруды, сондай-ақ реттеу объектілерінің тамақ өнімдеріндегі патогендік микроорганизмдерді, ботулинум токсиндерін, микотоксиндер мен антибиотиктерді айқындау әдістеріне техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде зерттеу үшін қолданылатын мемлекетаралық стандарттар мен әдістемелермен толықтыруды;

- стандарттар мен әдістемелерді (соның ішінде Қырғыз Республикасының мемлекетаралық стандарттарын, ұлттық стандарттарын, өлшемдерді орындау әдістемелерін) өзектілендірілген редакцияда баяндауды;

- қолдану мерзімдері бойынша белгіленген шектеулерге байланысты кейбір позицияларды (соның ішінде олардың қолданылу мерзімінің аяқталуына және қазіргі уақытта мемлекетаралық стандарттардың болуына байланысты Қырғыз Республикасының ұлттық стандарттарын) алып тастауды көздейді.

Анықтама

«Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке (КО ТР 021/2011) орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістер Комиссия Алқасының 2022 жылғы 14 маусымдағы № 93 және 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 122 шешімдерімен енгізілді