Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған табиғи жанармай газының қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің стандарттар тізбесіне енгізілген өзгерістерді қабылдады.
Өзгерістер аталған техрегламентті қолдану саласындағы тиісті стандарттарды қабылдауға, жаңартуға және жоюға жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша дайындалды.
Қабылданған шешім зерттеулердің (сынақтардың) және өлшеулердің аттестатталған әдістемелерін қамтитын жаңа немесе жаңартылған стандарттарды қолдану есебінен өнім көрсеткіштерін өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын арттыруға көмектеседі.
Ауыстырылатын стандарттарға қатысты оларды қолдану бойынша өтпелі кезең белгіленді.
Стандарттар тізбесін өзектендіру стандарттардың өзекті нұсқаларын қолдану жағдайларын жасауға және ұлттық стандарттардан мемлекетаралық стандарттарға жоспарлы түрде көшуге бағытталған.