Жаңалықтар

21.09.2022 (Обновлено: 26.09.2022 17:39)

ЕЭК-те бизнес өкілдерімен ағымдағы жағдайда Еуразиялық интеграцияны дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік кеңес жанындағы интеграцияны дамытудың негізгі бағыттары жөніндегі жұмыс тобының отырысында ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев 2025-Стратегиясын іске асырудың алғашқы нәтижелері және бизнес үшін, соның ішінде санкциялық қысым жағдайында ашылған мүмкіндіктер туралы айтып берді.

 

«Ағымдағы шын жәйіт 2025-Стратегиясына кірген, импорт алмастыруға, ұлттық валюталарда есеп айырысуға көшуге, инфрақұрылымға, өнеркәсіптік ынтымақтастыққа, ЕАЭО-да қосылған құн тізбегін құруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты іс-шараларды іске асыру қажеттігін растайды. Экономикалардың орнықтылығын арттыру жөніндегі тізбенің бүгінгі таңда іске асырылып жатқан көптеген шарасы 2025-Стратегиясының ережелерімен өзара байланысты», – деп атап көрсетті Сергей Глазьев.

Ол сондай-ақ Одақтың сыртқы әріптестерінің географиясын кеңейтуге, ШЫҰ, АСЕАН, БРИКС-пен ынтымақтастықты жандандыруды және бизнес-қоғамдастықтардың халықаралық күн тәртібін іске асыруға қатысуының маңыздылығына назар аударды.
ЕЭК министрі Комиссияның Одақты 2035 жылға дейінгі экономикалық дамытудың ЕАЭО шеңберінде стратегиялық жоспарлау жүйесін қалыптастыруды көздейтін негізгі бағыттарын дайындау жөніндегі жұмысы туралы айтты. Құжат ЕАЭО мемлекеттерінің барлығына ортақ ұзақ мерзімді экономикалық дамудың перспективалық бағыттарын әлемдік экономиканы дамытудың заңдылықтарын ескере келіп және олардың бәсекелестік артықшылықтарының интеграциясына сүйене отырып айқындайды.

Сергей Глазьев кәсіпкерлік қоғамдастыққа осы жұмысқа қосылуды ұсынды. Іс-шара қорытындысы бойынша бизнес-қауымдастықтардың 2025-Стратегиясын іске асыру және Одақты ағымдағы жағдайларда әрі 2025 жылдан кейін дамытудың мәселелері бойынша Комиссияға өзектілендірілген ұсыныстар жіберетіндігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.