Жаңалықтар

14.11.2023

Андрей Слепнев: "Вьетнаммен сауда көлемін одан әрі арттыру бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға ықпал ететін болады"

Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев мұндай пікірді 13 қарашада бейнеконференция форматында өткен ЕАЭО мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес құрылған Бірлескен комитеттің бесінші отырысы барысында білдірді. Кездесуде Вьетнам тарапынан Вьетнамның Өнеркәсіп және сауда министрі Нгуен Хонг Зиен тең төраға болды.

"Өзара саудада теңгерімге қол жеткізу, оны сапалы және сандық ілгерілету, сондай-ақ ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын табу үшін бізге ірі инвестициялық жобалар бойынша жұмысты жандандыру қажет, бұл сөзсіз өнімді өзара жеткізудің одан әрі өсуіне перспектива береді", — деп атап көрсетті Андрей Слепнев.

Отырыс басында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті жай-күйін қарастырып, Келісімнің іске асырылуына шолу жасады. Кездесудің күн тәртібіне тауарлардың бір-бірінің нарықтарына қолжеткізуін қосымша ырықтандыру, қорғау шаралары, санитариялық және фитосанитариялық реттеу, климаттық күн тәртібі, инвестициялар саласындағы ақпарат алмасу мәселелері кірді. Саудадағы техникалық тосқауылдар, сондай-ақ кедендік ақпаратпен электрондық алмасу және тауарлардың шығу тегін анықтау ережелері мәселелері талқыланды.

"Әлемдік экономикадағы ағымдағы жағдаят және халықаралық саудадағы жаңа сын-қатерлер сауда географиясын әртараптандырудың және өзара тиімді сауда келісімдері арқылы теңгерімділікке қол жеткізудің маңыздылығын тағы да дәлелдейді", — деп тиянақтап көрсетті Андрей Слепнев.

Бірлескен комитет жұмысы шеңберінде тараптар Келісімді іске асырудың ағымдағы жай-күйін толығырақ талдау үшін преференциялық статистикамен алмасуға деген мүдделілікті тағы да растады. Санитариялық және фитосанитариялық реттеу бөлігінде отырысқа қатысушылар вьетнамдық балық пен балық өнімдерінің Ресей нарығына, ал Беларусь Республикасынан ет өнімдерінің Вьетнам нарығына қолжеткізу проблемаларын қарады. Ресей Федерациясының Үкіметі мен Вьетнам Үкіметі арасындағы 2016 жылғы 21 наурыздағы Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында моторлы көлік құралдары өндірісін қолдау туралы хаттаманы іске асыру мәселесіндегі жақсарыс белгілеп қойылды.

Анықтама

Өзара саудада ЕАЭО — Вьетнам келісімін имплементациялаудың алғашқы бес жылы ішінде (2017 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі аралықта) ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы өсуінің оң серпіні байқалды, ол 32,2% (2017 жылғы 5,9 млрд доллардан 2021 жылғы 7,8 млрд длларға дейін) артты, 2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда тауар айналымының үштің біріндей (33%) төмендегені тіркелді. 2023 жылдың сегіз айы ішінде ЕАЭО-ның Вьетнаммен тауар айналымы 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 32% өсті.