Жаңалықтар

26.07.2024

Андрей Слепнев Үндістанның Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасарымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету жолдарын талқылады

25 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев пен Үндістан делегациясының БРИКС елдерінің Сауда министрлерінің 14-ші кездесуіне және БРИКС-тің экономикалық және сауда мәселелері жөніндегі байланысу тобының 36-шы кездесуіне қатысу шеңберінде Мәскеуде болған Үндістанның Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Сунил Бартвал арасында кездесу болып өтті. Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Үндістанның өзара сауда саласында жоғары әлеуетке ие болып отырғаны, оны іске асыру тауар айналымының құрылымын әртараптандыруға және экономиканың әртүрлі секторындағы ынтымақтастықты кеңейтуге көмектесуге тиіс екендігі атап өтілді.

"ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өзара тауар айналымының көлемін ұлғайтуға және сатылатын тауарлардың спектрін кеңейтуге мүмкіндік беретін пұрсатты сауда келісімін әзірлеуді қоса, өзара іс-қимылдың жаңа нысандарын қарауға дайын", – деп атап өтті Андрей Слепнев.