Жаңалықтар

23.12.2022

Андрей Слепнев: "Бүгінде біз өңірлік келісімдер мен өңірлік байланыстылықты дамыту үшін елеулі ынталандыруға ие болып отырмыз"

ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев бұл туралы Стратегиялық бастамалар агенттігі мен "Іскер Ресейдің" "Халықаралық іскерлік ынтымақтастықты дамыту" тақырыбындағы іскерлікке арналған таңғы асында мәлімдеді.

"Бүкіл әлем трансформация жолағына түсті, бұл көп қырлы трансформация: ол логистикалық өзгерістермен де, инфляциялық өзгерістермен де, қаржы саласындағы өзгерістермен де, халықаралық сауда қағидаларын қайта қараумен де байланысты. Трансформация қызу жүруде, болашақ жүйенің белгілі бір контуры сезілуде деп қазірдің өзінде айтуға болады",- деп атап өтті Андрей Слепнев. 

Көп полярлық идеясы, оның пікірінше, саяси естіліп-ақ қана қоймай, практикалық іс жүзіне асуға айнала бастады. Бір жағынан, өңірлік байланыстылықтың күшеюі айқын көрініп отыр. Екінші жағынан, көп тарапты халықаралық институттардың, атап айтқанда, Дүниежүзілік сауда ұйымының тұралауы жалғасуда.

Осыған байланысты министр барлық қиыншылыққа қарамастан Еуразиялық экономикалық одақ үшін өткелі тұрған жыл өте нәтижелі болып шықты деп еске салды. Бірінші кезекте, сөз көптеген шектеуі бар COVID-19 салдары немесе геосаяси шиеленіс салдары тудырған сын-қатер сияқты теңдессіз тегеуірінді жағдайдағы жұмыс туралы болып отыр. Бірінші жағдайда да, екінші жағдайда да Одақ нарықты көпшілік қолды тауарлармен және азық-түлікпен қамтамасыз ету, санкциялық қысым мен өнім жеткізілімінің қалыптасқан тізбегінің бұзылуына орай ішкі сұранысты қанағаттандыру мәселесін шешуге қол жеткізді.

"Сондай-ақ Үлкен Еуразиялық әріптестік идеясы шеңберінде байланыстардың жанданғанын өте нақ сезініп отырмыз",- деп атап көрсетті Андрей Слепнев. Оның сөзінше, ынтымақтастықтың батыс контуры айқындалмаған перспективаға басымдылығын жоғалтты. Осымен бір мезгілде Қытаймен саудада - 2022 жылдың қорытындысы бойынша 200 млрд долл. астам кезекті рекорд күтілуде, Үндістанмен тауар айналымы 2,5 еседен астам өседі, өткен жылғы 60% өсімнен кейін Иранмен сауда тағы 40% қосады. Оның үстіне, Ислам Республикасымен келесі жылдың өзінде жасалуы мүмкін жаппай бәрін қамтитын жаңа сауда келісімі өзара жеткізілімдер көлемін арттыру үшін серпім береді. 

"Біз жаңа көп полярлық шешімдерге шығамыз. Қытаймен сауда шамамен 20-25% ұлттық валюталарда жүреді, біз доллардан кетіп барамыз. Жазда Иранмен валюталық жұппен сауда басталды. Бізде арабтық шығыспен, атап айтқанда, БАӘ-мен өзара қарым-қатынас белсенді дамуда. Яғни, жағдаят жандандыруға және тездетуге мәжбүр еткен барлық жаңа шешім - олар бүгіннің өзінде іс жүзінде бар: бұл есеп айырысулар, логистика және реттеушілік",- деді ЕЭК Сауда жөніндегі министрі.

Сонда да, оң жағдайдың болуына қарамастан, сын-қатерлер қалып отырғаны сөзсіз. Бірақ бұл сын-қатерлер бизнес пен халықаралық ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер ашады деген сенімде Андрей Слепнев. Бұл ретте ең қызықты жәйіт ретінде логистика мәселесін: "Солтүстік-Оңтүстік" экономикалық дәлізін дамыту перспективаларын, "Шығыс-Батыс" маршрутының баламалы нұсқаларын және басқа жобаларды айтуға болады. 

Министр ынтымақтастық үшін үлкен перспективалардың бірі - өнеркәсіптік кооперация күн тәртібі, импорт алмастыру және технологиялардың көп нұсқалығы деп пайымдайды. "Шамасы, таяуда Бішкекте өткен саммитте мемлекеттер басшылары қабылдаған түйінді шешім - біздің кооперациялық жобаларымызды жалпыодақтық субсидиялау механизмінің бастау алуы болса керек",- деп еске салды Андрей Слепнев. 

ЕЭК Сауда жөніндегі министрі өз сөзінің соңында 2023 жыл елеулі жыл болады және бұдан да белсенді жұмысты талап етеді деп болжады. Атап айтқанда, құлдыраудың беймаза белгілері бар, осыған байланысты пайда болатын сын-қатерлерге орай әрекет ету үшін дер кезінде шешім табу қажет болады.

"Дипломатиялық корпустың кеңінен қатысуын пайдалана отырып, ЕАЭО-ның экономиканы және іскерлік байланыстарды дамытуға бағытталған экономикалық бірлестік болып табылатынын растағым келеді. Біз жүйелі, өз мүше мемлекеттеріміздің ортақ мүддесі үшін жұмыс істейміз, сондай-ақ біздің барлық ел үшін сенімді әріптес болып табыламыз",- деді Андрей Слепнев кездесуге қатысушыларға қайырыла отырып.