Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Тегеранда өткен III "Еуразия" халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімінде осылай мәлімдеді. Іс-шараға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан, сондай-ақ Иранның Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Мохаммад Атабак қатысты.
ЕЭК министрі атап көрсеткендей, жаңа мүмкіндіктерді іске асыру үшін мемлекетаралық деңгейде және іскер топтар арасында тиімді өзара іс-қимылды жолға қою маңызды.
"Міне сондықтан біз осы іс-шараға ерекше мән береміз және бизнес-қоғамдастықтың барлық туындайтын сұрағына жедел ден қоюға дайын боламыз. Ирандық әріптестерімізбен бірге ЕАЭО мен Иранның іскер топтары жаңа толық форматты Келісім құратын артықшылықтарды барынша пайдалана алуы үшін барлық қажетті ақпаратты береміз", — деп атап көрсетті Андрей Слепнев.
Тараптар көрменің павильондарын бірге аралап көрді.
Андрей Слепневтің сапары шеңберінде оның Мохаммад Атабакпен жұмыс кездесуі болып өтті, онда Келісімді іске асыру үшін қажетті қадамдар нысаналы түрде талқыланды және өзара қызығушылық тудыратын салаларда ынтымақтастықты дамыту бойынша жол картасын дайындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
"Жол картасы шекаралық кедендік рәсімдерді оңайлату, өнеркәсіптік ынтымақтастық, саудадағы техникалық тосқауылдарды жою, СФС-реттеу саласындағы ынтымақтастық, электрондық сауда сияқты перспективалы бағыттарды кірістіре алуы мүмкін деп ойлаймын", – деп атап өтті ЕЭК министрі.
Жол картасы Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы Еркін сауда туралы толық форматты келісімнің қолданылуына, сондай-ақ Иранға жаңадан берілген ЕАЭО-дағы байқаушы мәртебесін іске асыру тұрғысында тараптардың өзара қарым-қатынасын одан әрі дамытуға байланысты кез келген мәселені қарау үшін институционалдық алаң ретінде құрылатын бірлескен комитеттің бірінші отырысы өткізілетін сәтке қарай қалыптастырылуға тиіс.
Андрей Слепнев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің таяудағы отырыстарының бірі шеңберінде бірлескен комитеттің алғашқы кездесуін өткізуді ұсынды, оған Иран тарапы байқаушы мемлекет ретінде қатысуды жоспарлап отыр.
Көрме алаңында ЕЭК делегациясының Иранның кәсіпкерлік қоғамдастығымен Тегеран сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ұйымдастырылған ауқымды кездесуі өтті. Оған ЕАЭО елдерінің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары мен кәсіпкерлері қатысты.