Жаңалықтар

23.09.2022 (Обновлено: 03.10.2022 15:11)

Андрей Слепнев: "2023 жылғы Еуразиялық экономикалық форум шеңберінде Индонезиямен бизнес-диалог өткізу ұсынылады"

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Мәскеуде ЕЭК Кеңесінің мүшелері қол қойған тиісті тапсырмаға түсіндірме бере келіп мәлімдеді. Түпкілікті шешім әріптес елдің өкілдерімен мәселені пысықтауды ескере отырып қабылданатын болады.

«Таяуда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Индонезиямен еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы шешім қабылдады. Келесі жылы келіссөз процесі белсенді сатысында болады деп санаймыз, ал бизнес-диалог өткізу неғұрлым өзекті мәселелер мен тақырыптарды талқылауға ықпал етеді , – деп атап өтті Андрей Слепнев.

Осыған байланысты ол Индонезияның АСЕАН-дағы аса ірі экономика екенін және халық саны жағынан әлемдегі төртінші ел болып табылатынын, ал бұдан бұрын сарапшылар жұмысы біздің мемлекеттеріміздің арасындағы сауда қатынастарының айтарлықтай әлеуеті бар екенін көрсеткенін еске салып өтті.

Анықтама

Статистика деректеріне сәйкес ЕАЭО-ның Индонезиямен тауар айналымы 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 41,5% – 3,7 млрд долл. дейін өсті. Бұл ретте экспорт 34,1% қосты, импорт 44,5% артты. Индонезия Республикасымен еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздер ЖЕЭК-тің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 6 шешіміне сәйкес өтетін болады.

Еуразиялық экономикалық форум - Еуразиялық экономикалық одақтың Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және ЕЭК Кеңесінде төрағалық етуші Одаққа мүше мемлекетте кезекпен өткізілетін экономикалық саладағы жыл сайынғы іскерлік іс-шарасы болып табылады. 2023 жылы Одақ органдарында Ресей Федерациясы төрағалық етеді.