«Ресей экспорт орталығы" (РЭО) АҚ ұйымдастырған "Ресейде жасалған 2023» халықаралық экспорттық форумы шеңберінде өткізілген "ЕАЭО-ның сауда-экономикалық өзара іс-қимылының жаңа архитектурасы" сессиясы барысында сөйлеген сөзінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев осындай пікір айтты.
"Біз ЕАЭО-ны құрумен айналысқан кезімізде ЕО-ның тәжірибесін зерделедік. Еуропалықтар өз Одағы туралы жақсы ауа райына арналған Одақ деп айтқан-ды. Ал біз қазір Еуразиялық экономикалық одақтың кез келген ауа райына, соның ішінде нашар ауа райына да шыдамды Одаққа ұқсайтынын көріп отырмыз", – деп атап өткен министр COVID-19 пандемиясына және мүше мемлекеттерге қатысты экономикалық санкцияларға байланысты сын-қатерлердің ойдағыдай еңсерілгенін бөліп көрсетті.
Оның сөзінше, алайда таяу болашақта бәрімізді одан да ауқымды, соның ішінде жаңа көп полярлық әлемде жайғасуға байланысты сынақтар күтіп тұр. Ал онда Еуразиялық экономикалық одақ орнықты да бәсекеге қабілетті орынға ие болуға тиіс.
"Екінші сын-қатер – өнеркәсіптік революция, климат, технология, жаңа экономика және сонымен байланысты барлық нәрсе. Бұл шынымен де жүздеген жылға негіз қалайтын перспектива. Бұл арада біз Одақтағы және одан тыс жерлердегі әріптестерімізбен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін шешімдерді табуымыз керек", - деп жалғастырды Андрей Слепнев. Осыған байланысты ол қазір, шын мәнінде, халықаралық сауда қағидаларын қайта қарау жүріп жатқанын еске салып өтті. Климаттың және шекаралық реттеудің маркасымен белгіленетін тарифтік тосқауылдар, сондай-ақ тарифтік емес тосқауылдар тағы да талқылануда, мұнда өз тауарларын басқа елге жеткізуге мүмкіндік алу үшін растау болуы немесе сертификаттаудан өту қажет, оның үстіне, барлық процесс әртүрлі ереже мен стандартқа сәйкес жүруде.
"Әрине, жаңа тосқауылдар мен жаңа бөлу сызықтары пайда болмас үшін бүкіл әлемдегі достарымызбен әріптестік жасаудағы міндетіміз - осы бағытта белсенді жұмыс істеу. Мұның бәрі - біздің қалыпты сауда жасап, қалыпты дами алуымыз үшін", - деп атап көрсетті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі.
Үшінші сын-қатер ретінде ол адамдар мен шағын кәсіпорындардың өз мүдделерін көбірек мәлімдеп, дамуға көбірек қатысатын жаңа қарым-қатынас жүйесіне көшуді бөліп көрсетті. Андрей Слепнев адамдармен қарым-қатынас мәселесін шешу керек деп санайды, онсыз қолдау да болмайды, онсыз қозғалыс та болмайды.
"Одақ ретінде біз практикалық тұрғыда не істей аламыз? Еуразиялық ШОК ынтымақтастығының бағдарламасы - бұл өте-мөте сұранысқа ие болар еді және мұның қазір талқыланып жатқаны жақсы", - деп хабарлады министр.
Еуразиялық интеграция тұрғысында электрондық сауда саласы айрықша орын алады Бүгінде ЕАЭО-дағы ірі маркетплейстерде Беларусьтың, Қазақстанның, Арменияның және Қырғызстанның тауарларының үлесі қазірдің өзінде 50% құрайды. Бұл ретте қазіргі уақытта электрондық сауда нарығының жиынтық көлемі - 90 млрд долл., ал маркетплейстердегі компаниялардың 90%-ы - шағын және орта кәсіпкерлік компаниялары. Бұл сегментті дамыту қажет және болып отырған проблемаларын шешу керек.
Андрей Слепнев сыртқы сауда мәселелеріне қатысты келгенде, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин ұсынған Үлкен Еуразиялық әріптестік тезисінің өзекті болып қалатынын атап өтті. "Сонымен қатар, біз Үлкен Еуразиялық әріптестіктің біртекті емес екенін де көріп отырмыз. Оның бірнеше бағыты бар. Еуропамен бағыт әзірге, уақытша деп үміттенемін, баяу сатысында тұр. Бірақ бізде "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізі бойынша өте перспективалы оңтүстік бағыт бар", - деп түсіндіріп өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі.
Оның пікірінше, бұл жерде жай көлік дәлізі туралы емес, толық мәнді экономикалық дәліз құру туралы сөз болуға керек. Көлікшілер де, өнеркәсіпшілер де бір үстел басында отырып, технологиялық егемендік, кооперация мәселелерін және логистиканы құруды талқылауы үшін көп салалы диалог қажет.
Қытаймен әріптестік туралы айта келіп, Андрей Слепнев болып жатқанды байсалды ой елегінен өткізу қажет деп мәлімдеді. Қытаймен сауда өткен жылы 30% құрады, биыл шамамен 27% құрайды. "Бірақ бізді белгілі бір нәрселер, ең алдымен, Еуропамен болған нәрсе сияқты, көп жағдайда соны қайталайтын сауда құрылымы алаңдатады. Бұл ретте біз өз әлеуетімізді көріп отырғанымыз маңызды: Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының көпшілігі Қытайда жақсы перспективаға ие. Соны дамыту керек", - деген сенімде ЕЭК министрі.
Ол ЕАЭО-ның қазір ҚХР-мен ынтымақтастықтың жаңа конфигурациясының мүмкіндіктерін бағалайтынын, оны тереңдетудің әртүрлі сценарийін, соның ішінде сауданы ішінара ырықтандыру сценарийін бағалайтынын айтты. Министрдің сөзінше, Қытай стратегиялық әріптес болып табылады және қолданыстағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім Одақ пен Қытайға берген шеңбер дамуды талап етеді.
Сессия жұмысына сондай-ақ Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары, ЕЭК Кеңесінің Төрағасы Алексей Оверчук, Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары Тигран Саркисян, "Северсталь" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Алексей Мордашов, Беларусь Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дмитрий Крутой, Иран Ислам Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Казем Джалали қатысты.
Пікірсайыс модераторлары - ЭЖМ ҒЗУ әлемдік экономика және әлемдік саясат факультетінің Кешенді Еуропалық және халықаралық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі; "Валдай клубының" бағдарламалық директоры Тимофей Бордачев пен РЭО экспорттық саясат және талдау жөніндегі директоры Михаил Снег болды.