Жаңалықтар

02.04.2024

Арзыбек Кожошев: "Жүк тасқынының Шығысқа және Азияға жаһандық бұрылысы орын алуда"

ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев Мәскеу экономикалық форумында Еуразиялық көлік дәліздерін құру және оларды дамытудың жаңа перспективалары туралы айтты.

Министр Еуразиялық экономикалық комиссияның көлік қызметтерін көрсетудің ортақ нарығын құру және, соның ішінде өткізу мен логистикалық тізбектердің жаңа нарықтарын қалыптастыруды ескере отырып бірыңғай көлік кеңістігін құру жөніндегі жұмысы туралы айтып берді.

"Жүк тасқынының Шығысқа және Азияға жаһандық бұрылысы орын алуда. Сол себепті біздің елдеріміздің аумағы арқылы өтетін дәстүрлі халықаралық көлік дәліздері жаңа сипат алды", — деп атап өтті Арзыбек Кожошев.
Комиссияның күш-жігері Еуразиялық көлік дәліздерін дамытуға және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің көлік саласында басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталған.
"Бұл үшін сондай-ақ Еуразиялық көлік дәліздерін дамытудың кешенді жоспары қабылданды, көлік саласындағы басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі бекітілді, жыл сайын Одақ үкіметтері басшыларының қарауына "Шығыс-Батыс" және "Солтүстік-Оңтүстік" бағыттарында, соның ішінде Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасымен ұштастыру шеңберінде көлік инфрақұрылымын құру және дамыту туралы тиісті баяндама ұсынылады", — деп хабарлады министр.
Комиссия мен мүше мемлекеттер бүгінде контейнерлік және мультимодальдық тасымалдарды дамытумен, цифрлық технологияларды ендірумен, интеллектуалды көлік жүйелері туралы құжаттарды әзірлеумен белсенді айналысуда.

"Біз болып отырған қиындықтарға қарамастан, Одақтағы көлік қызметтерін көрсетудің ортақ нарығының құндылығы бірнеше мәрте артқанын түсінеміз. Бүгінде көлікті дамыту және елдеріміздің экономикалық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды", — деп түйіндеді ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев.