ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы Ішкі көлік комитетінің Женевада өтіп жатқан 87-ші сессиясына қатысты. Іс-шараның түйінді тақырыбы көлікті көміртексіздендіру болды.
"Бүгінгі таңда біздің өмірімізді көліксіз елестету қиын, нақ сол мемлекеттер экономикасының көптеген секторы мен саласын дамытудың түйінді факторы болып табылады. Бұл ретте көлікті ұзақ мерзімді дамыту стратегияларын әзірлеу кезінде қоршаған орта үшін ықтимал салдарды назарға алу қажет", — деп атап өтті Арзыбек Кожошев.
ЕЭК министрі Еуразиялық экономикалық комиссияның климаттық күн тәртібі жөніндегі жұмысы туралы хабардар етті және ЕАЭО елдері қабылдап жатқан экономикалық саясат шаралары орнықты экономикалық өсуді қолдауға бағытталғанын атап өтті.
Және де министр ЕАЭО-да Интеллектуалды көлік жүйелерінің өзара іс-қимылын жетілдіру тұжырымдамасы мақұлданғанын атап көрсете келіп, Комиссияның цифрландыру және жолдарда хабарлау мен мониторингтің озық әдістерін ендіру жөнінде жүргізіп жатқан жұмысын бөлекше атап көрсетті.
Арзыбек Қожошев таңдаулы технологияларды ілгерілету және іздеу мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссияның 2023 жылдан бастап "Жасыл Еуразия" халықаралық климаттық конкурсын өткізетінін хабарлады. Осыны өткізу барысында қазірдің өзінде оған 12 елден 300-ден астам практикашы қатысты.
"Барлық деңгейдегі тығыз ынтымақтастық тек көлік саласын жақсартып қана қоймай, қоршаған ортаға және климатқа деген теріс әсерді азайта алады", — деп атап өтті ЕЭК министрі.