Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев 15 қарашада Мәскеуде өткен «Интеграция» VI Еуразиялық іскерлік форумында айтты.
«ЕАЭО технологиялық тәуелсіздігі және өнеркәсіптік кооперациясы: іске асыру механизмдері» атты пленарлық отырыста сөз сөйлеген ЕЭК министрі күн тәртібіне «сезімтал тақырыптардың бірі шығарылғанын» атап өтті.
«Әрине, қазіргі әлемде технологиялық тәуелсіздік тұрақты дамуды қамтамасыз етудің маңызды факторына айналуда. Бұл ретте энергетика мен көлік – бұл экономика салаларын дамыту үшін физикалық инфрақұрылымды ғана емес, сонымен қатар сыртқы қауіптерден тәуелсіздікке ықпал ететін факторлар. Еуразиялық интеграциялық байланыс біздің елдеріміздің белгілі бір бәсекелестік артықшылығына айналуда», – деді Арзыбек Қожошев.
ЕЭК министрінің пікірі бойынша халықаралық энергетикалық ландшафттың өзгеруі жағдайында еуразиялық «бестік» елдерінің келісілген энергетикалық саясатты жүргізуі және олардың энергия ресурстарының ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі бірлескен қызметі ерекше өзекті болып отыр.
Арзыбек Қожошев сондай-ақ «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамытудың және осы тақырып бойынша Қытай, Иран, БАӘ, Үндістан және Парсы шығанағы елдерімен ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығын атап өтті.
«Көлік инфрақұрылымы мен логистиканы жетілдіру энергоресурстар мен жабдықтарды жеткізу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, бұл технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді», – деп санайды Арзыбек Қожошев.