Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев Бішкекте таулы өңірлердің орнықты даму перспективаларына арналған "Жаһандық тау диалогы" халықаралық конференциясына қатысты. Министр өз сөзінде осы өңірлерде өмір сүру сапасын арттырудың негізгі факторы ретінде көлік және энергетикалық инфрақұрылымды жақсартудың маңыздылығын атап өтті.
Министр Қырғыз Республикасының бірегей таулы ландшафт пен елеулі табиғи ресурстарға ие бола отырып, оң экономикалық серпінді жалғастырып келе жатқанын атап көрсетті. 2024 жылы ел экономикасы рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді, ал ЖІӨ 9% өсті. Алайда таулы өңірлер оқшаулану, климаттық тәуекел және ішкі көші-қон сияқты айрықша қиындықтарға тап болады, бұл мемлекеттік саясатты әзірлеуде айрықша тәсілдемені қажет етеді.
Инфрақұрылымды дамыту шеңберінде Арзыбек Қожошев "Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан" және "Балықшы – Кочкор – Макмал» темір жолдарының құрылысы бойынша түйінді жобаларды, сондай-ақ шалғай өңірлермен әуе қатынасын күшейтуді бөліп көрсетті.
Энергетикалық тақырыпқа ерекше назар аударылды. Қырғызстан жаңғыртылатын энергия көздерінің әлеуетін белсенді дамытуды жалғастыруы қажет, бұл таулы аумақтарды орнықты энергиямен қамтамасыз етуге көмектеседі әрі шығарындыларды азайтуға және мұздықтарды сақтауға ықпал етеді.
"ЖЭК-ті дамыту және гидроэнергетикалық әлеуетті ашу қол жеткізу қиын таулы аудандарда энергиянға қолжетімділікті арттырудың, сондай-ақ энергияның сыртқы жеткізілімдеріне тәуелділікті азайтудың маңызды қадамы болып табылады, бұл әсіресе ЕАЭО елдерінің таулы өңірлері үшін маңызды", – деп атап көрсетті министр.
Министр өз сөзін таулы өңірлердің әлеуетін іске асыру және олардың орнықты экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге шақырумен аяқтады.