15 мамырда ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев пен ресейлік «Автомобиль көлігі ғылыми-зерттеу институтының» («АКҒЗИ») бас директоры Валерий Машков ЕАЭО кеңістігіндегі көлік саласындағы негізгі үрдістерді талқылады.
ЕЭК министрі бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыру және ЕАЭО-да көлік қызметтерінің ортақ нарығын құру туралы айтты. Осыған байланысты Комиссия ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарымен бірлесіп нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және пилоттық жобаларды іске асырады, ЕАЭО-дағы көліктің барлық түрлерімен халықаралық жүк тасымалдау саласындағы жағдайға талдау жасайтын болады.
Ресей Федерациясында көлік саласын дамыту бойынша бірқатар стратегиялық құжаттарды әзірлеуші болып табылатын «АКҒЗИ» басшысы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Валерий Машковтың пікірінше, өзара іс-қимыл ЕЭК-тің бейінді бағыты бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыру, көлік саласында тәжірибе алмасу мәселелері жөнінде жүргізілуі мүмкін. Мұның бәрі ЕАЭО-да көлік қызметтерінің ортақ нарығын құру және дамыту жөніндегі міндеттерді шешуде тиімділікті арттыруға ықпал ететін болады.
Арзыбек Қожошев пен Валерий Машков кездесудің оң нәтижелерін атап өтіп, өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.