Жаңалықтар

22.11.2022

Арзыбек Кожошев: «Теміржолшылар күрделі экономикалық жағдайда жеткізілімдердің жаһандық тізбегінің орнықтылығын қамтамасыз етуді жалғастыруда»

22 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев Трансъеуразиялық тасымалдар жөніндегі халықаралық үйлестіру кеңесінің (ТТҮК) жалпы отырысында құттықтау сөз сөйледі. Ол Трансъеуразиялық тасымалдар жөніндегі халықаралық үйлестіру кеңесінің теміржол тасымалдарын және Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде темір жолдар арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы айтарлықтай рөлі мен үлесін атап көрсетті.

«Теміржолшылар күрделі экономикалық жағдайларда жаһандық жеткізу тізбектерінің орнықтылығын қамтамасыз етуді жалғастыруда, бұл олардың біздің елдеріміздің экономикасына теріс әсерін айтарлықтай азайтады»,- деп атап өтті Арзыбек Кожошев.

РТЖ бас директоры және ТТҮК төрағасы Олег Белозеров бұл ретте көлік саласына қатысты контейнерлердің жаппай тапшылығы, шекаралардың толық жабылуы, өзара есеп айырысулардың тоқтауы және тағы басқалар сияқты көптеген теріс болжам ақталмады деп мәлімдеді.
Жалпы отырысқа қатысушылар ЕАЭО-дағы көлік ағындарын дамыту перспективасын ізеуіртті талқылады. Атап айтқанда, сөз трансъеуразиялық маршруттар, теміржол және мультимодальдық тасымалдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, порттық инфрақұрылымды жетілдіру жайында болды.

Теміржол және мультимодальдық қатынастарда контейнерлік тасымалдарды дамытуға жәрдемдесу тұрғысында маршруттардың сервистері мен географиясын, атап айтқанда желілік контейнерлік сервистерді кеңейтудің, электрондық коммерция тауарлары үшін логистикалық шешімдерді ендірудің, сондай-ақ теміржол көлігімен халықаралық пошта жөнелтілімдерін тасымалдау механизмін оңайлатудың маңыздылығы атап өтілді.

Арзыбек Кожошев «соңғы жылдары ЕЭК-тің қолдауы аясында ЕАЭО көлік кешені жұмысының тиімділігін арттырудың перспективалық міндеттерін шешу бойынша Комиссияның, көлік саласындағы мемлекеттік билік органдарының, теміржол әкімшіліктерінің, жетекші халықаралық ұйымдар мен институттардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған бірқатар стратегиялық жоспар әзірленгенін» атап өтті.

Іс-шараға қатысу Комиссия мен Трансъеуразиялық тасымалдар жөніндегі халықаралық үйлестіру кеңесінің 2017 жылғы 18 қаңтарда қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумның ережелерін, сондай-ақ ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаменті мен ТТҮК Хатшылығының 2021-2022 жылдарға арналған өзара іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберіндегі өзара іс-қимыл жөніндегі жүйелі жұмыстың жалғасы болды. 

Анықтама

Бұдан бұрын 2022 жылғы 10 қарашада ЕЭК алаңында ТТҮК-мен бірлесіп, трансшекаралық тасымалдардың жай-күйі мен перспективаларына арналған дөңгелек үстел ойдағыдай өткізілді. Жеткізу тізбектерінің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру, шекараларды кесіп өту және трансшекаралық тасымалдарды дамыту перспективаларын оңайлату жөнінде ұсыныстар әзірлеуге ерекше көңіл бөлінді.

Форумда көлік саласының неғұрлым өткір мәселелері бойынша 30-дан астам таныстырылым ұсынылды. Іс-шараға мемлекеттік билік органдары, көлік және логистика саласындағы жетекші халықаралық ұйымдар, бизнес-қоғамдастық өкілдерінің үлкен тобы қатысты.