Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 желтоқсанда Санкт-Петербургте Иран Ислам Республикасының өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Сейед Мохаммад Атабакпен жұмыс кездесуін өткізді.
Тараптар Еуразиялық интеграцияның өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.
Бақытжан Сағынтаев Иран елінің Еуразиялық экономикалық одақтың маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті. ЕАЭО мемлекеттері мен Иран арасындағы уақытша сауда келісімінің қолданылу кезеңінде 2018 жылдан 2023 жылға дейін тауар айналымы екі есеге жуық өсті. 2024 жылдың 10 айында бұл көрсеткіш 12,8%-ға өсті, Иранға тауарлардың экспорты 16%-ға, импорт 8%-ға өсті.
Өзара тиімді әріптестікті кеңейту үшін 2023 жылғы желтоқсанда тараптар тауарлардың 90%-на қатысты бажсыз режим белгілеуді көздейтін Еркін сауда туралы толық форматты келісімге қол қойған болатын.
«Жақын арада Иранмен жасалған Келісім күшіне енеді деп сенеміз, бұл біздің елдерімізге тауар айналымын және тұтастай экономикалық ынтымақтастықты тиімдірек арттыруға мүмкіндік береді. Иранмен жүргізлген диалогтың бірқатар бағыттар бойынша даму әлеуеті бар», – деп атап өтті ЕЭК Алқасының басшысы.
Тараптар өзара іс-қимылдың неғұрлым перспективалы бағыттары көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, кәсіпорындар арасындағы кооперациялық байланыстарды кеңейту, АӨК, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы ынтымақтастық, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер болып табылады деп келісті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Тараптар белгіленген жоспарларды табысты практикалық іске асыруға сенім білдірді.