7 маусымда өткен XVII Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев «ЕАЭО-ға 10 жыл-нәтижелер, басымдықтар, перспективалар» сессиясында сөз сөйледі.
Өз баяндамасында ЕЭК Алқасының төрағасы Еуразиялық экономикалық одақ өзінің мерейтойына айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.
«ЕАЭО-ның ЖІӨ өсімі 14%-дан асты. Өзара сауда екі есе өсті және шамамен 90 миллиард долларды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 43%-ға артып, 457 млрд долларды құрады», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
ЕЭК Алқасының басшысы атап өткендей, бүгінде интеграциялық бірлестік елдері экономикалық интеграцияның жаңа кезеңінің қарсаңында тұр.
«Орта мерзімді перспективада біздің мемлекеттер ЕАЭО нарығын негізгі тауарлармен және ресурстармен қамтамасыз етуі, өндірістік-технологиялық тізбектерді, жаңа деңгейдегі көлік-логистикалық кеңістікті, қаржы нарығын қалыптастыруы, сондай-ақ цифрлық трансформация процестерін күшейтуі тиіс», – деп есептейді Бақытжан Сағынтаев.
ЕЭК Алқасының Төрағасы еуразиялық «бестіктің» халықаралық қызметіне ерекше назар аударып, ЕАЭО экономикалық тартылыс полюсі болуға тиіс екенін атап өтті.
Бұл міндетті орындау үшін негізгі өңірлік интеграциялық бірлестіктермен диалог жалғасуда, сауда келісімдері трегі бойынша келіссөздер жүріп жатыр.
Бақытжан Сағынтаев келесі жылы мемлекет басшыларының тапсырмасы бойынша «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясын іске асыру бойынша жол картасы дайындалатынын хабарлады. Бұл құжат Одақтағы экономикалық процестердің даму векторын 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі кезеңге белгілейді.
ЕЭК Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев сонымен қатар Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысты.