15 наурызда ЕЭК штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы Николай Подгузовпен кездесу өткізді.
Тараптар ЕАЭО елдерінің экономикасын нығайту жөніндегі инвестициялық қызметтің перспективаларын ескере отырып, ЕЭК пен ЕАДБ-ның өзара іс-қимылын қоса, Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Өнеркәсіптік кооперацияны қолдаудың жаңа механизмін іске асыру – Комиссия бюджеті есебінен кредит бойынша пайыздық ставканың бір бөлігін субсидиялау, сондай-ақ жаңа геосаяси шындық жағдайында Еуразиялық "бестік" елдерінің жаңа көлік-логистика бағыттарын құру және сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Бақытжан Сағынтаев кездесу барысында ЕАЭО-ның интеграциялық жобаларының зор әлеуеті бар екенін атап өтті. Тиісінше олар қажетті инвестициялармен нығайтылуға тиіс.
ЕАДБ банкке мүше мемлекеттердің нарықтық экономикасының дамуына, олардың орнықты экономикалық өсуіне және сауда-экономикалық байланыстардың кеңеюіне жәрдемдесетін институт ретінде ЕАЭО шеңберінде өзінің инвестициялық қызметін кеңейту есебінен серпілісті жобаларды ілгерілетуге ықпал ете алар еді.
Өз кезегінде Николай Подгузов банк пен ЕЭК Алқасының өзара іс-қимылы бойынша бірқатар ұсыныстарын белгілеп көрсетті. ЕЭК пен ЕАДБ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум 2013 жылғы 12 қарашада жасасылды.
Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан ЕАДБ-ның мүше мемлекеттері болып табылады.