Жаңалықтар

22.11.2024

Бақытжан Сағынтаев пен Қазақстанның Ұлттық банкі басшысы ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын қалыптастыру перспективаларын талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменовпен жұмыс кездесуін өткізді.

Келіссөз барысында тараптар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы саласындағы заңнамасын үндестіру және ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын қалыптастыру перспективалары мәселесін қарады.

ЕЭК Алқасының Төрағасы ортақ нарықтың мақсаты ЕАЭО елдері арасындағы өзара сауданы дамыту, трансшекаралық операцияларды жүргізу рәсімін оңайлату, өзара инвестициялардың өсуіне жәрдемдесу болып табылатынын атап өтті.

"ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын құру капиталды тиімді бөлуді қамтамасыз етуге, қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелестікті арттыруға, өзара рұқсат беру бойынша тосқауылдарды жоюға, бизнес пен халық үшін қаржы өнімдеріне кеңінен қол жеткізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға, инвесторлар мен қаржы қызметтерін тұтынушыларды қорғауды қамтамасыз етуге арналған", – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Осы міндетті іске асыру үшін Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізеді және халықаралық келісімдердің тұтас кешенін дайындауды жүзеге асырады.

Келіссөз қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев пен Тимур Сүлейменов жұмыс бойынша байланысуды жалғастыруға және ұйымдар арасындағы практикалық өзара іс-қимылды дамытуға келісті.