Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 13 маусымда ЕЭК-тің штаб-пәтерінде Куба Республикасының Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, Сыртқы сауда және шетелдік инвестициялар министрі Рикардо Руис Кабрисаспен келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында тараптар интеграциялық өзара іс-қимылдың күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымын талқылады.
«Куба Республикасы ЕАЭО-ның Латын Америкасы мен Кариб бассейні аймағындағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылады. Бұл ретте еліміз ынтымақтастығымызды кеңейтуге күш салуда», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.Тараптар сауда, банк қызметі, қаржы, биотехнология, ауыл шаруашылығы, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қоса алғанда, ынтымақтастықтың 34 бағытын қамтитын Комиссияның және Куба Республикасы Үкіметінің бірлескен іс-шаралар жоспары аясында өзара іс-қимыл жасайды. ЕАЭО-ның Кубамен тауар айналымы 2023 жылы 290 млн долларды құрады.