Жаңалықтар

11.02.2025

Бақытжан Сағынтаев Масуд Пезешкианды Ислам революциясы күнімен құттықтады

Бүгін Иранда Ислам революциясы күні аталып өтеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкианды және бүкіл иран халқын осы жалпыұлттық мерекемен құттықтады.

Құттықтау хатта ЕЭК Алқасының басшысы "ЕАЭО мемлекеттері мен Иранның ойдағыдай өзара іс-қимылы біздің елдер халықтарының игілігі жолында алдағы уақытта да тереңдей түсетініне сенімдімін", — деп атап өтті.

Бақытжан Сағынтаев Комиссия атынан және жеке өз атынан Иранға өркендеу мен құт-береке тіледі.

2024 жылғы 26 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Иранға ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін берді.