Жаңалықтар

16.11.2023 (Обновлено: 21.11.2023 10:00)

Бақытжан Сағынтаев халықаралық биржалық форум жұмысына қатысты

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақытжан Сағынтаев 16 қарашада Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XI конгресі шеңберінде "Қазақстан қор биржасы" АҚ ұйымдастырған "Қаржы нарықтарын трансформациялаудағы биржалардың рөлі" халықаралық биржалық форумының жұмысына қатысты.

Жалпы пікірсайыс барысында Форумға қатысушылар капитал нарықтары мен биржалық бизнесті дамытудың қазіргі заманғы трендтері мен перспективаларын қарады.

Панельдік пікірсайыстарды өткізу кезінде қаржы нарығындағы цифрлық трансформацияның сын-қатерлері мен мүмкіндіктері, мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастыру, IPO өткізу және бөлшек сауда инвесторларын тарту мәселелері талқыланды. Бұдан басқа, жаңа құралдар мен қызметтерді дамыту тақырыбы, сондай-ақ қаржы нарығындағы ESG-күн тәртібі іс-шараға қатысушылардың назарында болды.

Бақытжан Сағынтаев Форум аясында Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ биржалық кеңістігін қалыптастыру, бағалы қағаздарды, брокерлер мен дилерлерді ЕАЭО елдерінің биржаларына өзара жіберу мәселелері бойынша бірқатар кездесу өткізді.