Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев пен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы Чжан Мин 3 шілдеде Астанада өткен келіссөз барысында бұдан арғы өзара іс-қимылдың мәселелері бойынша тыңғылықты пікір алмасты.
Атап айтқанда, тараптар ЕЭК пен ШЫҰ Хатшылығы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен ШЫҰ ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.
Әңгімелесу барысында Бақытжан Сағынтаев бүгінгі таңда Меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындаудың аяқталып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты ЕЭК Алқасының Төрағасы осы жылдың күзінде Арменияда өтетін Еуразиялық экономикалық форум аясында құжатқа қол қоюды ұйымдастыруды ұсынды.
ЕЭК Алқасының Төрағасы «ЕАЭО - ШЫҰ» форматында бұдан арғы өзара іс-қимылдың мүмкіндіктері туралы айта келе, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің халықаралық көлік дәліздерін, мультимодальдық және контейнерлік тасымалдарды дамытуға, өңірдегі жүк тасымалдарын цифрландыруға деген мүдделілігін атап көрсетті.
Бақытжан Сағынтаев осыған байланысты бірлескен тәсілдемелерді әзірлеуді жеделдету үшін жақын арада ШЫҰ-ға қатысушы елдердің Көлік министрлерінің және ЕАЭО мемлекеттерінің көлік саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесінің бірлескен кеңесін өткізуді ұсынды.
Тараптар ШЫҰ штаб-пәтерінде «ЕАЭО күндерін» өткізу туралы ЕЭК бастамасын да қарады.
«Бұл іс-шара бизнес-қоғамдастық өкілдерінің назарын аударатыны сөзсіз. Тәжірибе және үздік практика алмасу елдеріміздің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенімдімін», — деп атап көрсетті Бақытжан Сағынтаев.Өз кезегінде Чжан Мин ШЫҰ мен ЕАЭО-ның өзара іс-қимыл факторы қазіргі әлемдік архитектурада барған сайын маңызды бола түсуде деп атап өтті. Экономикалық мәселелер бойынша практикалық тәжірибе алмасуға көңіл бөле келгендегі интеграция диалогы Үлкен Еуразияны дамыту үшін қолайлы және болжамды жағдайларды қамтамасыз етуге арналған.