Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 30 шілдеде ЕЭК штаб-пәтерінде Беларусь Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Александр Рогожникпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық интеграцияның өзекті мәселелері талқыланды.
Тараптар, атап айтқанда, ЕАЭО-да өнеркәсіптегі кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау механизмін іске асыру және оған белорус кәсіпорындарының қатысу перспективаларын қарады.
Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар өзекті күн тәртібі бойынша жұмыс ретімен байланысуды жалғастыруға уағдаласты.