Жаңалықтар

03.06.2024

Бақытжан Сағынтаев: «ЕЭК пен ЕАЭО Сотының құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимылы Одақтағы экономикалық қатынастарға елеулі әсер етуі мүмкін»

3 маусымда Беларусь Республикасына жұмыс сапары аясында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақ Сотының Төрағасы Алексей Дроновпен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптардың ағымдағы өзара іс-қимылы мен ынтымақтастық перспективалары мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасылды.

Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО Сотының қызметі еуразиялық интеграциялық процестердің маңызды элементі болып табылатынын атап өтті. ЕЭК пен ЕАЭО Сотының Одақтың күн тәртібі аясында құқықтық реттеу мәселелері бойынша тұрақты өзара іс-қимылы интеграциялық бірлестіктегі экономикалық қатынастарға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Алексей Дронов сөз кезегінде ЕАЭО Сотының мүше мемлекеттер мен Одақ органдарының ұлттықтан жоғары заңнаманы бірізді қолдануын қамтамасыз ете отырып, Комиссиямен тығыз өзара іс-қимыл жасап, жұмыс істеуге дайын екендігін атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар практикалық ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.