Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің халықты жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелген жұмыссыздар саны 2022 жылғы маусымның аяғындағы жай-күй бойынша 1 026,6 мың адамды құрады және 2021 жылғы ұқсас күнмен салыстырғанда 34% қысқарды.
Сөйтіп, жұмыссыздар саны жұмыс күші санының 1,1%-ын құрайды. 2021 жылы бұл көрсеткіш 1,7% құрады.
ЕАЭО-дағы жұмыссыздық туралы толығырақ ақпарат Статистика департаменті бетіндегі «Жұмыссыздық туралы» бөлімде берілген.