Жаңалықтар

11.07.2022

2022 жылғы мамырда ЕАЭО-да жұмыссыздық 41,1% қысқарды

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің халықты жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелген жұмыссыздар саны 2022 жылғы мамырдың аяғындағы жай-күй бойынша 1 017,5 мың адамды құрады және 2021 жылғы ұқсас күнмен салыстырғанда 41,1% қысқарды.
Сөйтіп, жұмыссыздар саны жұмыс күші санының 1,1%-ын құрайды. 2021 жылы бұл көрсеткіш 1,9% құрады.

ЕАЭО-дағы жұмыссыздық туралы толығырақ ақпарат Статистика департаменті бетіндегі «Жұмыссыздық туралы» бөлімде берілген.