Жаңалықтар

06.06.2022

2022-ПХЭФ-те «ЕАЭО — АСЕАН» бизнес-диалогы өтеді

16 маусым, 11:00-12:15

Ресей мен оның ЕАЭО бойынша әріптестерінің АСЕАН елдерімен сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимыл күн тәртібі жоспарлы түрде кеңейе түсуде, мұны Еуразиялық экономикалық комиссия мен АСЕАН Хатшылығы арасында қабылданған 2025 жылға дейінгі ынтымақтастық бағдарламасы айғақтайды.

Екі бірлестіктің іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың түйінді бағыттарының ішінде орнықты даму аспектілерін, экологиялық және климаттық жобаларды іске асыруды, өнеркәсіптік кооперацияны, экономиканы цифрлық трансформациялау процестерін және циркулярлық экономиканы бөліп көрсету қажет. Бұл ретте соның ішінде 2022 жылы жарияланған Ресей мен АСЕАН ғылыми-техникалық ынтымақтастық жылы аясында іске асырылатын бастамалар да осы ынтымақтастықты қолдаудың пәрменді құралы бола алады.

Талқылауға арналған мәселелер:

·         ЕАЭО мен АСЕАН-ның жоғары технологиялық кәсіпорындары арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қарқынды ету және өнеркәсіптік кооперацияны жолға қою үшін қандай институционалдық шешімдер қабылдау қажет?

·         Ұлттық экономикалардың төмен көміртек көздеріне энергиялық ауысуы қалай пайымдалады?

·         Бірлескен экологиялық, табиғат қорғау және климаттық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қандай?

·         Ұлттық цифрлық күн тәртіптерін үндестіру перспективалары бар ма?

·         Еуразиялық және АСЕАН-дық бизнес үшін цифрлық инфрақұрылым құру саласындағы қандай практикалар пайдалы бола алар еді?

Сессияға ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев қатысады.

Спикерлердің өзектілендірілген тізімі ПХЭФ-тың ресми сайтында берілген.