Жаңалықтар

09 шілденің 2025 Максим Ермолович БҰҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі конференциясында ЕЭК қызметін таныстырды Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович басқарған Еуразиялық комиссияның делегациясы Женевада БҰҰ-ның Көпжақты негізде келісілген әділ қағидаттар мен шектеулі іскерлік практиканы бақылау қағидаларын қарау жөніндегі 9-шы конференциясының жұмысына қатысты. Максим Ермолович Комиссияның қызметімен әрі оның "Бәсекелестік және өңірлік экономикалық ұйымдар" сессиясында бәсекелестік мәселелері бойынша өңірлік интеграциялық бірлестіктердің диалогы туралы бастамасымен таныстырды. "Өңірлік ұйымдардың кездесулері шеңберінде біз бәсекелестікті өңірлік деңгейде реттеудің өзекті мәселелерін талқылаймыз. Бұрын өткізілген бес кездесудің нәтижелері осындай диалогтың сұранысты екенін және оны кеңейту қажеттігін көрсетіп отыр. Қорытындысы бойынша біз бәсекелестікті реттеуге шолуды өңірлік деңгейде жүргізуге келістік", — деп атап өтті Максим Ермолович. ЕЭК министрі Конференцияда диалогқа қатысушылардың атынан осы саладағы өзара іс-қимылды жалғастырудың маңыздылығы, Комиссияның өңірлік ұйымдардың кездесулерін тұрақты өткізуінің қажеттігі, осы тақырыпты халықаралық алаңдарда бірлесіп ілгерілету туралы мәлімдеді. Ол сондай-ақ өңірлік деңгейде бәсекелестікті реттеуге жүргізілген шолудың алдын ала белгілі нәтижелерін ұсынды. Конференция шеңберінде Комиссия делегациясы ЮНКТАД Халықаралық сауда және шикізат тауарлары бөлімшесінің басшысы Лус Мария де ла Морамен кездесу өткізді, оның барысында бұдан арғы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. БҰҰ Конференциясы бәсекелестік мәселелері бойынша жоғары деңгейлі іс-шара болып табылады, ол бес жылда бір рет өткізіледі. Мұнда БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің бейінді органдарының басшылары, жоғары лауазымды тұлғалары, соның ішінде, осы саладағы құқық қолдануды күшейтуді талқылайды.
09 шілденің 2025 ЕАЭО өндірушілері өнеркәсіптік тауарларының мемлекеттік сатыпалымға қол жеткізу мүмкіндігі кеңейтілді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 2020 жылы ЕЭК Кеңесі бекіткен Мемлекеттік (муниципалдық) сатыпалым мақсаттары үшін тауардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, Қағидалар құбырлар, лазерлер, микродисплейлер үшін өндіріс талаптарымен, медициналық бұйымдардың, оптикалық құралдардың, жылжымалы теміржол құрамы мен инфрақұрылымы компоненттерінің жаңа тауарлық атауларымен, химия өнеркәсібі тауарларымен толықтырылды. Атап өтсек, бұл ЕАЭО елдерінде енгізілген преференциялар, шектеулер мен тыйымдар жағдайында мемлекеттік сатыпалымдағы ұлттық режимді кеңейтуге бағытталған 2025 жылғы өзгерістердің екінші пакеті (Қағидалар мамыр айында мемлекеттік сатыпалымға қатысуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін 51 тауар атауымен толықтырылды). Қабылданған актілер ЕАЭО мемлекеттерінің өндірушілерінің өздері және өз тауарлары туралы мәліметтерді Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне кіргізуіне және мемлекеттік сатыпалымға кедергісіз қатысына мүмкіндік береді. Қағидаларда мемлекеттік сатыпалым мақсаттары үшін тауарлардың шығарылған елін айқындауға және растауға қатысты бірыңғай тәсілдеме енгізілді. Мемлекет отандық жеткізушілер үшін преференциялар белгілеген немесе шетелдік тауарлар үшін шектеулер енгізілген жағдайларда бұлар мемлекеттік сатыпалымда ұлттық режимді қамтамасыз етуге көмектеседі. ЕЭК Кеңесінің шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң өзгерістер күшіне енеді. Комиссия сайтында "Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатыпалым саласындағы саясат департаменті" бөліміндегі "Жиі қойылатын сұрақтарға сұрақ-жауап" қосымша парағында тауар және оның өндірушісі туралы мәліметтерді Еуразиялық өнеркәсіп тауарлары тізіліміне кіргізу тәртібі, Комиссияның осындай мәліметтерді кіргізуге өтінімді қарау алгоритмі туралы анықтамалық ақпарат жарияланған.
Комиссияның құпиялы ақпаратты ведомстволық бағыныстылығы бойынша беру рәсімі оңайлатылды 09 шілденің 2025 Комиссияның құпиялы ақпаратты ведомстволық бағыныстылығы бойынша беру рәсімі оңайлатылды Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ЕЭК-те таралуы шектеулі құжаттармен жұмыс істеу тәртібіне өзгерістер енгізді. Бұл құжат, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне қатысты. Енді бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы өтініште немесе осыған байланысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру материалдарында қамтылуы мүмкін құпиялы ақпарат Комиссияның бейінді министрінің шешімі бойынша мүше мемлекеттердің монополияға қарсы органдарына берілетін болады. Бұған дейін мұндай шешімді ЕЭК Алқасы қабылдайтын, бұл ЕАЭО елдерінің монополияға қарсы органдарына ведомстволық бағыныстылығы бойынша материалдарды әрдайым жедел беруге мүмкіндік бермеді. Бұл Одақтың бәсекелестік құқығының бұзылу белгілеріне жедел ден қою процесін баяулатты. Комиссияның бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде құпиялы ақпаратты қорғау тәртібі 2014 жылғы Құпиялы ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауапкершілік туралы келісіммен қамтамасыз етіледі. Ведомстволық бағыныстылығы бойынша материалдарды беру Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (ЕАЭО туралы шартқа № 19 қосымша) тармағында көзделген.
03 шілденің 2025 ЕЭК пен АСЕАН бәсекелестік саласында тәжірибе алмасты Еуразиялық экономикалық комиссияның және АСЕАН бәсекелестік жөніндегі блогының өкілдері 3 шілдеде онлайн-форматта өткен «ЕАЭО-дағы және АСЕАН-дағы бәсекелестік саясат және құқық қолдану» семинарында бәсекелестік саласындағы жұмыс тәжірибесімен алмасты. Іс-шараға ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович қатысты. Ол Комиссияның Хатшылықпен және АСЕАН бәсекелестік жөніндегі сарапшылар тобымен ынтымақтастығы дәйекті және екі тарап үшін де пайдалы екенін атап өтті. «Бізді АСЕАН тәжірибесі қызықтырады. Бизнес пен ұйымдардың бәсекелестікті қабылдауының елдік индекстерін есептеуде көрсетілген АСЕАН-ға қатысушы елдердің бәсекелестік саясатын бағалау жүйесіне назар аудару қажет. Сонымен қатар Қосылу мен бірігу салдарын бағалаудың бірыңғай порталы қызығушылық тудырады», – деп атап өтті Максим Ермолович. Семинар модераторы, ЕЭК мемлекеттік сатып алу саласындағы бәсекелестік саясат және саясат департаменті директорының орынбасары Армине Акопян қатысушыларға бәсекелестік саясат, бәсекелестікті адвокаттандыру және халықаралық ынтымақтастық саласындағы жұмыс туралы ақпарат берді. Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің жалпы ережелерінің сақталуын бақылау саласындағы тәжірибесі туралы ЕЭК-тің монополияға қарсы реттеу департаментінің директоры Сергей Максимов айтып берді. АСЕАН-ның бәсекелестік жөніндегі сараптама тобының төрағасы, Камбоджаның бәсекелестік жөніндегі комиссиясының тәуелсіз комиссары Ли Сопоровичны семинарға қатысушыларға арнап сөз сөйледі. Іс-шараға АСЕАН ұлттық бәсекелес органдарының және ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блоктың өкілдері қатысты.  
27 маусымның 2025 Максим Ермолович: «Қоғамдық қабылдау барысында реттеушілер мен нарық қатысушыларының тікелей, пайдалы диалогы өтті» Бизнеске арналған қоғамдық қабылдауды 26 маусымда Минскіде Еуразиялық экономикалық форум аясында Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу блогы өткізді. «Бұл Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестік ережелері, мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндіктері туралы бизнестің хабардарлығын арттыруға бағытталған Комиссияның бірегей құралы», — деп атап өтті ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович. Бизнес-қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың өкілдері, ЕАЭО елдерінің сарапшылары трансшекаралық нарықтардағы мемлекеттік сатып алу мен бәсекелестіктің өзекті тақырыптарын талқылады және Комиссия қызметкерлерінің жеке консультацияларын алды. Шын мәнінде, реттеушілер мен нарық қатысушыларының тікелей диалогы өтті, бұл кәсіпкерлерге Одақ аясындағы жұмыстың құқықтық ерекшеліктерін жақсы түсінуге көмектесті. Бұл ретте Қоғамдық қабылдауда дәстүрлі түрде бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блоктың ғана емес, Комиссияның басқа да департаменттерінің өкілдері қатысты. «Бізді Қоғамдық қабылдау тағы да елдеріміздің іскер топтары өкілдерінің қызығушылығын тудырғанына және оның қатысушылары ЕЭК қызметінің кең ауқымды мәселелері бойынша кеңес ала алғаны қуантады», – деп атап өтті Максим Ермолович.  
27 маусымның 2025 ЕЭФ-2025-те заманауи бәсекелестік саясаттың мәселелері талқыланды 26 маусымда Минскіде өткен ЕЭФ-2025-те Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермоловичтің қатысуымен «Заманауи бәсекелестік саясат: сын-қатерлер және перспективалар» атты панельдік сессиясында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бәсекелес органдары жаһандық өзгерістер жағдайында туындайтын негізгі сын-қатерлер туралы әңгімелесті. Іс-шарада бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар мен механизмдер, мемлекет пен бизнестің әділ бәсекелестік ортаны құрудағы рөлі талқыланды. Шетелдік тәжірибеге ерекше назар аударылады. Иранның, Қытайдың, Өзбекстанның бәсекелес органдарының өкілдері технологиялық және нарықтық өзгерістерге жедел ден қою бойынша өздерінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті. ЮНКТАД-тың бәсекелестік және тұтынушылардың құқықтары саласындағы саясат жөніндегі бөлімшесінің басшысы және БРИКС Халықаралық бәсекелестік құқық және саясат орталығының директоры тақырып бойынша пайымдамалар ұсынды. Сессия спикерлері ретінде ЕАЭО елдерінің ұлттық органдарының өкілдері сөз сөйледі. «Сессияда алға қойған барлық міндеттер орындалды деп есептеймін. Бұл іс-шара Комиссияға және ЕАЭО елдеріне одақ нарықтарындағы бәсекелестік саласында бірлескен жұмыстың бағыттарын одан әрі құруға көмектеседі», – деп түйіндеді Максим Ермолович.  
27 маусымның 2025 ЕЭФ-2025-те ЕАЭО аясында мемлекеттік сатып алуға қатысу мәселелері талқыланды Минскідегі Еуразиялық экономикалық форумда Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермоловичтің қатысуымен «ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алулар: шындық, мүмкіндіктер және перспективалар» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында ұлттық сатып алу саясатының стратегиялары мен басымдықтары және оларды Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекеттік сатып алудың интеграциялық әлеуетімен теңестіру мәселелері белгіленді. Тауардың шығарылған елін айқындау және мемлекеттік сатып алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану мәселелерінің өзектілігін ескере отырып, мемлекеттік сатып алуларда ұлттық режимді қамтамасыз ету механизмдері талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылар еуразиялық интеграцияның бизнес үшін жасап келе жатқан мүмкіндіктері және жеткізушілердің ЕАЭО елдеріндегі мемлекеттік сатып алуларға қолжетімділігін кеңейту бойынша одан әрі жұмыс істеу міндеттері туралы айтты. Цифрландыру мәселелеріне, оның ішінде Одақтағы «цифрлық теңсіздікті» жою перспективаларына және өзара сатып алу үлесін ұлғайту жолындағы кедергілерді жоюға ерекше назар аударылды. Пікірталасқа ЕАЭО елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдарының, электрондық сауда алаңдары мен бизнесінің өкілдері қатысты.  
26 маусымның 2025 Максим Ермолович: «ЕАЭО-да дәрі-дәрмектердің ортақ нарығын құру бағаны реттеуді үйлестіру арқылы бәсекелестік деңгейін теңестіруді талап етеді» Еуразиялық экономикалық комиссия алғаш рет бәсекелестік тұрғысынан Еуразиялық экономикалық одақтың фармацевтикалық секторының дамуына кешенді зерттеу жүргізді. Оның қорытындылары туралы ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович 26 маусымда ЕЭФ-2025 алаңындағы «Фармацевтикалық нарықты дамыту: қол жеткізу және қолжетімділік» атты сессиясында айтып берді. «Фармацевтикалық сектор – ЕАЭО-дағы ұлттықтан жоғары және ұлттық деңгейлердегі экономиканың ең «реттелген» секторларының бірі, бұл трансшекаралық және ұлттық нарықтарда монополияға қарсы нәзік бақылау қажеттілігін қалыптастырады», – деп атап өтті ЕЭК министрі.  Зерттеу барысында анықталған реттелуі тиіс проблемалардың ішінде ұлттық деңгейде ЕАЭО-ның жалпы нормаларын құқық қолдануға қатысты айырмашылықтар және бірыңғай қағидалар бойынша Одақ елдерінде дәрілік препараттарды тіркеудің біркелкі еместігі, нарыққа шығудың жоғары және ашық емес «кіру шегі», мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін дәрі-дәрмектердің өзара алмастырылуын айқындау ерекшеліктері бар. Мұның бәрі бизнес пен тұтынушылар үшін кедергілер тудыруы мүмкін. Бағаны реттеуге ерекше назар аударылады. Максим Ермоловичтің айтуы бойынша, «бүгінде бұл ЕАЭО елдерінің ұлттық құзыреті. Алайда, Одақтың дәрілік заттардың ортақ нарығын қалыптастыру талабы бойынша реттеудегі айырмашылықтарға және соның салдарынан туындайтын дәрілік заттардың бағалық диспаритеттеріне назар аудару керек. Бұл бәсекелестік үшін қиын нәрсе болып табылады». Зерттеу көрсеткендей, Одақ елдерінде жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған препараттардың бағасы (508% дейін), «қан және қантүзу» тобының препараттары (497% дейін), антибиотиктер (275% дейін) барынша ерекшеленеді. Бұл – мемлекеттік бағаны реттеу объектілеріндегі, шекті бағаларды есептеу әдістемелеріндегі және референтті елдердің тізбелеріндегі айырмашылықтардың салдары. Кейде кәсіпкерлік субъектілерінің жосықсыз нарық стратегиялары да орын алуы мүмкін. Осыған байланысты ЕАЭО аясында бағаны реттеу мақсатында дәрі-дәрмектердің үлгілік тізбесін және Одақ елдерінің халқы үшін дәрі-дәрмектерге тең қол жеткізудің кепілдік берілген деңгейін қамтамасыз ету үшін өндірушінің шекті бағаларын есептеу бойынша үлгілік әдістемені жасау мүмкіндігін пысықтау ұсынылды. Сонымен қатар нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы мінез-құлқының алдын алу мақсатында жұмсақ реттеу механизмі ретінде «ЕАЭО фармацевтикалық секторының адал тәжірибелер кодексін» әзірлеуді бастау жоспарлануда. Сессияға қатысушылар ЕАЭО дәрілік заттардың ортақ нарығын дамыту перспективаларын, осыған байланысты монополияға қарсы органдардың рөлін, фармацевтика өндірісін ынталандыру шараларын талқылады. Пікірталасқа Ресей ФАС басшысының орынбасары Тимофей Нижегородцев, Беларусь денсаулық сақтау министрінің орынбасары Александр Старовойтов, ДДҰ Еуропа бюросының директоры Ханс Клюге, Қырғызстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Каарманбек Байдавлетов, Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының басқарма төрағасының орынбасары Адлет Табаров, бейінді қауымдастықтар мен фармацевтикалық компаниялардың басшылары, сараптамалық және ғылыми қоғамдастықтардың өкілдері қатысты. Сессия қонақтары Қытай, Куба, Мьянма бизнес және мемлекеттік басқару органдарының өкілдері болды. 2024 жылы ЕАЭО аясында фармацевтика секторының көлемі 30,9 млрд долларды құрады, оның 66% дәріханалық (бөлшек) сегментке, 34% мемлекеттік сатып алуға тиесілі. Бұл ретте дәріхана сегменті Одақтағы барлық тауарларды бөлшек саудада сатудың жалпы көлемінің 3% қамтыды. Дәрі-дәрмектерді мемлекеттік сатып алу ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемінің 7% құрайды. ЕАЭО елдерінде 2024 жылы өндірушінің бағасы бойынша фармацевтика өндірісінің көлемі 948 млрд ресей рублін немесе 10,2 миллиард АҚШ долларын құрады. Ресей рубліндегі өндіріс көлемінің өсу қарқыны +18% құрайды.
Тағы да көрсету