Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің халықты жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелген жұмыссыздар саны 2023 жылғы шілде айының соңындағы жай-күйі бойынша 912,3 мың адамды құрап, 2022 жылғы ұқсас күнмен салыстырғанда 12,4% қысқарды.
Сөйтіп, жұмыссыздар саны жұмыс күші санының 1%-ын құрайды. 2022 жылы бұл көрсеткіш 1,1% құраған еді.
ЕАЭО-дағы жұмыссыздық туралы толығырақ ақпарат Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті бетіндегі «Жұмыссыздық туралы» бөлімде берілген.