Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің халықты жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелген жұмыссыздар саны 2024 жылғы мамыр айының соңындағы жай-күй бойынша 813,8 мың адамға жетіп, 2023 жылғы ұқсас күнмен салыстырғанда 13,8% қысқарды.
Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасына сәйкес ЕАЭО-дағы жұмыссыздық деңгейі 2024 жылғы I тоқсанда, Еуразиялық экономикалық комиссияның бағалауы бойынша, жұмыс күші санының 3,2%-ын, соның ішінде Арменияда 15,5%, Беларусьта 3,3%, Қазақстанда 4,7%, Қырғызстанда 4,9% (2022 жыл), Ресейде 2,8% құрады.
Бұл тақырып бойынша толығырақ ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі "Жұмыссыздық туралы" бөлімде берілген.