Беллуян Микаел Норайрович Ереванда (Армения Республикасы) дүниеге келген.
2009 жылы Лондондағы Еуропалық бизнес мектебінде «Халықаралық бизнес» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.
2013 жылдан 2021 жылға дейін Лондон қаласында, Ереван қаласында әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде көлік және авиация салаларында басшылық қызметтерде («Таймлайн» ЖШҚ, «Аэрофлот» ЖАҚ, Армения Республикасы Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, «Гамма Групп» ЖШҚ) жұмыс істеді.
2021-2024 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2024 жылғы 17 маусымнан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.
Армян, ағылшын және испан тілдерін біледі.